Евразия24Еуразия патриоттарыТүркі мемлекеттері ұйымы Таяу Шығысқа қатысты декларация қабылдады

Түркі мемлекеттері ұйымы Таяу Шығысқа қатысты декларация қабылдады

|

|

«Дежурный по СНГ» телеграм-арнасы хабарлағандай: «7 наурыз күні Стамбулда Түркі мемлекеттері ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Жиын қорытындысы бойынша Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты декларация жарияланды. Құжат көлемді әрі дипломатиялық тұжырымдарға толы болғанымен, онда нақты саяси ұстаным айқын көрінбейді. Декларацияда өңірдегі зорлық-зомбылықтың күшеюіне байланысты «терең алаңдаушылық» білдіріліп, жағдайды ушықтырмау, дипломатиялық жолмен шешім іздеу және халықаралық құқық нормаларын сақтау қажеттігі атап өтіледі. Министрлер аймақтық тұрақтылыққа төнген қауіптерді, энергетикалық нарық пен саудаға, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты тәуекелдерді атап өтіп, Палестина мәселесін екі мемлекет қағидаты негізінде шешуді қолдайтындарын тағы да растады. Сонымен бірге құжатта ұстанымдардың белгілі бір айырмашылығы байқалады. Анкара мен Баку мәлімдемеде анағұрлым қатаң риторикаға басымдық беріп, шабуылдар тақырыбына ерекше мән берген Мұндай тұжырымдар белгілі бір жағдайда әскери қақтығысқа негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін. Ал мәтіннің қалған бөлігінде диалогқа шақыру, ұстамдылық таныту және шиеленісті ушықтырмау туралы үндеулер басым. Қақтығыстың себебі даулы немесе алдын ала ұйымдастырылған арандату болуы мүмкін деген пікір де бар. Осыған байланысты Түркі мемлекеттері ұйымына мүше өзге елдер жағдайды бірден қолдап, шиеленіске араласуға дайын емес».

Еуразия24 пікірі:

Түркия мен Әзербайжанның қатаңдау риторика қолдануы белгілі бір дәрежеде қалыпты құбылыс деуге болады. Өйткені Түркия үшін Таяу Шығыс – геосаяси мүдделері тоғысатын маңызды аймақ болса, Әзербайжан үшін бұл өңір негізгі одақтасына саяси қолдау білдіретін кеңістік ретінде қарастырылады. Ал Орталық Азия мемлекеттері үшін жағдай біршама өзгеше. Олар қақтығыс аймағынан географиялық тұрғыдан алысырақ орналасқан әрі халықаралық сауда, транзит және энергетикалық нарықтың тұрақтылығына әлдеқайда тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан мұндай дағдарыстар кезінде барынша байыпты әрі болжамды ұстанымымен ерекшеленеді. Әдетте Астана дипломатиялық жолдарды қолдап, халықаралық құқық қағидаларын сақтауға шақырады және өткір саяси мәлімдемелерден бойын аулақ ұстайды. Бұл ұстанымның маңызы зор. Себебі Қазақстан бір мезгілде Батыс елдерімен де, Таяу Шығыс мемлекеттерімен де, сондай-ақ Еуразиядағы көршілерімен де ынтымақтастық орнатқан. Сондықтан мұқият жүргізілген дипломатиялық саясат бір жағынан сыртқы саяси тәуекелдерді азайтса, екінші жағынан елдің өңірлік және халықаралық үдерістерден тыс қалмауына мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан қарағанда, Түркі мемлекеттері ұйымының ұстанымын да түсінуге болады.

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.