Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл тағайындалды

Қазақстанда отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл тағайындалды

|

|

Астана. 13 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болып, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары қызметіне Снежанна Имашева тағайындалды. Бұл туралы жұма күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Имашева Снежанна Валерьевна Қазақстан Республикасында отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

6 наурызда Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қоғамдық лауазым – отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл қызметі енгізілетінін мәлімдеген болатын. Президенттің айтуынша, бұл омбудсмен Ұлттық комиссия құрамында төрағаның орынбасары ретінде жұмыс істеп, өз қызметі туралы мемлекет басшысына тұрақты түрде есеп беріп отырады.

Тоқаевтың пікірінше, бұл қадам тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жүйесін күшейтуге және отбасы саясаты саласындағы басқа да маңызды мәселелерді кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді.

Снежанна Имашева бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болған, палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетін басқарған. 2024 жылғы қаңтарда ол Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі атанды, ал сол жылдың сәуірінде Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Масуд Пезешкиан: Парсы шығанағы қауіпсіздігін тек жағалаудағы елдер қамтамасыз етуі тиіс

Парсы шығанағының қауіпсіздігі қандай да бір бір елдің еркіне тәуелді болмауы керек, оны жағалаудағы мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы арқылы қамтамасыз ету қажет, деп мәлімдеді Иран президенті Масуд Пезешкиан.

Ресми түрде соғыс жарияланбаған жағдайда бейбіт келісімге келу қиын

Белгісіз соғыс – АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы агрессиясынан кейін ерекше өзектілікке ие болған заманауи әлемнің күрделі мәселесі. 1945 жылы негізі қаланған ескі әлемдік тәртіп дағдарысқа ұшырағанымен, өз өміршеңдігін әлі жойған жоқ. Мемлекеттердің бір-біріне зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы соққы беруіне қарамастан, соғысты ресми түрде жариялаудан бас тартуы кейіннен бейбіт келісімдер жасасуға кедергі келтіреді. Осыған байланысты, Вашингтон мен Тегеран арасындағы екі апталық бітімгершілік (ресми түрде 21 сәуірде аяқталды) секілді қисынсыз жағдайлар орын алуда. Іс жүзінде бұл бітім орындалғанымен, құқықтық тұрғыдан соғыс жағдайы тіркелмеген болатын.

Сенат қаңғыбас жануарлар мәселесінде теңгерімді шешім ұсынды

Бұл шешімнің күтпеген жағдай болғанын мойындау керек. Бұл өзгерістер Мемлекет басшысының жақында ғана қаңғыбас жануарларға қатысты білдірген пікірімен байланысты болуы да әбден мүмкін.