Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті Трампты Ай миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтады

Қазақстан Президенті Трампты Ай миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтады

|

|

Астана. 11 сәуір. Интерфакс-Қазақстан – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының сәтті орындалуымен құттықтады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы соңғы жарты ғасырдағы адамзаттың Айға алғашқы ұшуын жүзеге асырған және ғарышты игеруде жаңа тарихи кезеңді айқындаған “Артемида-2” миссиясының табысты аяқталуына байланысты АҚШ президентіне құттықтау жеделхатын жолдады», – делінген сенбі күні таратылған хабарламада.

Қ. Тоқаев американдық ғылымның серпінді жетістіктерін жоғары бағалап, олардың таным көкжиегін кеңейтіп, бүкіл әлемдегі жаңа буын ғалымдар, инженерлер мен зерттеушілер үшін шабыт көзіне айналып отырғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті Д. Трампқа «Артемида» бағдарламасын және ғарыш саласындағы өзге де бастамаларды жүзеге асыруда табыс тіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда билікте қалудың құны қандай?

Саяси көшбасшы үшін билікті сақтап қалу – саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлар тоғысқан күрделі міндет. Биліктің тұрақтылығы президентті қолдайтын топтың қаншалықты ауқымды болуына тікелей байланысты. Қолдауға қоғамның қалың тобы қажет болса, билік инфрақұрылымды дамытуға, халық игілігіне арналған жобаларға қаржы бөлуге мүдделі болады. Ал саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ықпалды бірнеше жүз шенеунік пен кәсіпкердің қолдауы жеткілікті болса, олардың әрқайсысына жеке артықшылықтар мен жеңілдіктер беру арқылы мәселені шешуге болады.

Қазақстанда фастфуд жарнамасына тыйым салынуы мүмкін

Президент Үкіметке фастфудтың шектен тыс жарнамалану мәселесін жан-жақты қарастыруды тапсырды. «Тағы бір назар аударатын мәселе – қоғамдық кеңістікті жайлаған фастфуд жарнамасы

14 тамыздағы блэкаут: KEGOC-қа қатысты шешім қажет

Қазақстандық энергетиктердің жедел қимылдағанын айтсаңызшы! Бір-бірінен ажырап, бірнеше бөлікке бөлініп кеткен оңтүстік өңірдің электр жүйесін аз уақыттың ішінде қайта қалпына келтірді.

Арман қуып барып, ажал құшты

Шарджада қазақстандық апалы-сіңлілі Ақжан және Жұлдыз Бохановалар қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, олар кісі қолынан қаза болуы мүмкін.