Евразия24ЖаңалықтарМадьяр: Венгрияның ЕО мен НАТО құрамындағы мүшелігі орынды шешім

Мадьяр: Венгрияның ЕО мен НАТО құрамындағы мүшелігі орынды шешім

|

|

Брюссель. 13 сәуір. ИНТЕРФАКС – Венгрия халқы елдің Еуропалық одақ пен НАТО құрамына кіретінін мақтан тұтады, деп мәлімдеді парламенттік сайлауда жеңіске жеткен «Тиса» партиясының жетекшісі Петер Мадьяр.

«Венгрлер Еуропалық одақ пен НАТО секілді ықпалды бірлестіктердің құрамында болғанына қанағаттанады», – деді ол дүйсенбі күні Будапешттегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Мадьяр Еуропалық одақтың қызметіне қатысты сын айтып, оның шамадан тыс бюрократияға бейім екенін атап өтті. Оның айтуынша, ол сегіз-тоғыз жыл бойы Брюссельде Венгрия үкіметінің дипломаты ретінде жұмыс істеп, ЕО қызметінің ішкі тетіктерімен танысқан.

«Бұл — күрделі әрі артық бюрократияға негізделген жүйе», – деді саясаткер.

Оның пікірінше, Еуропалық одақ қызметінде «елеулі кемшіліктер» бар.

Жексенбі күні өткен парламенттік сайлау қорытындысы бойынша бұрын оппозицияда болған «Тиса» партиясы 199 орындық парламентте 138 мандатқа ие болды. Ал биліктегі «Фидес» партиясы 55 орын алып, жеңіліске ұшырады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран Жоғарғы көшбасшысының кеңесшісі: Ормуз бұғазын бақылау ядролық қарудан да маңызды

Ормуз бұғазын бақылау Иран үшін ядролық қаруға ие болудан да маңызды стратегиялық артықшылық. Мұндай пікірді Иран Жоғарғы көшбасшысының әскери мәселелер жөніндегі кеңесшісі Мохсен Резаи білдірді.

Қытайда «Бави» тайфунына байланысты 2,4 миллионнан астам адам эвакуацияланды

Қытай билігі «Бави» тайфунының жақындауына байланысты 2,4 миллионнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. South China Morning Post басылымының хабарлауынша, тайфун жексенбіге қараған түні елдің шығысындағы Тайчжоу қалалық округіне жеткен.

АҚШ Иранның Бушир провинциясындағы бес қалаға соққы жасады

Жексенбіге қараған түні АҚШ-тың Иранға жасаған әуе шабуылдарының салдарынан Парсы шығанағы жағалауындағы Бушир провинциясының бес қаласы зардап шекті. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасаған IRNA агенттігі хабарлады.

Үндістан Ормуз бұғазында Кипр туы астында жүзген кемеге жасалған шабуылды айыптады

Үндістан билігі жексенбі күні Ормуз бұғазында Кипр туы астында жүзген сауда кемесіне жасалған шабуылды қатаң айыптады. Кеме бортында Үндістан азаматтары болған. Бұл туралы Hindustan Times басылымы хабарлады.