Евразия24Таңдаулы жаңалықтарШаруаларға салынатын ҚҚС: Ұлттық экономика министрлігі депутаттарға не деп жауап берді?

Шаруаларға салынатын ҚҚС: Ұлттық экономика министрлігі депутаттарға не деп жауап берді?

|

|

ҚазТАГ хабарлауынша, Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Азамат Әмрин Құрылтайдағы «Әділет» және «Ауыл» партиялары депутаттарының сауалына берген жауабында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қаржылық лизинг шарттарына ғана қосылған құн салығының 12% мөлшерлемесін сақтап қалуға негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Ол жаңа Салық кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС-тың базалық мөлшерлемесі бұрынғы 12%-дан 16%-ға көтерілгенін еске салды.

«Бұл өзгеріс салық реформасы аясында барлығына бірдей енгізілді және салық төлеушінің қай салада жұмыс істейтініне қарамастан, салық салынатын барлық айналымға қолданылады. ҚҚС мөлшерлемесі шарттың жасалған күніне емес, салық салынатын айналымның қай күні жүзеге асқанына қарай белгіленеді. Қаржылық лизинг шарттары бойынша мерзімді төлемдерге қатысты айналым күні сол төлемді алу мерзімі келген күн болып есептеледі. Сондықтан 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін төленуге тиіс лизинг төлемдеріне 16% ҚҚС салынады. Бұл талап жаңа Салық кодексі күшіне енгенге дейін жасалған шарттарға да қолданылады», – деп Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы түсіндірді.

 

Еуразия24 пікірі:

Азамат Әмрин ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі лизинг төлеміне қаншалықты әсер ететінін 100 мың теңге мысалында түсіндіреді.

«Мәселен, салық салынатын құн 100 мың теңге болса, бұрын ҚҚС-ты қосқандағы сома 112 мың теңге еді. Ал 16 пайыздық мөлшерлемемен есептегенде 116 мың теңге болады. Яғни қосымша ҚҚС сомасы 4 мың теңгені құрайды. Бұрынғы мөлшерлемемен есептелген төлеммен салыстырғанда өсім 3,57 пайызға тең. Басқаша айтқанда, қосымша салық міндеттемесі лизингке алынған мүліктің бастапқы толық құнына емес, ҚҚС мөлшерлемесі өзгергеннен кейін төлеу мерзімі келетін төлемдердің салық салынатын бөлігіне ғана қатысты туындайды».

Біздіңше, мәселенің мәні де осында. Есепке небәрі 100 мың теңге алынғандықтан, салық өсімінің салмағы байқалмай тұр. Ал төлем бірнеше миллион теңге болса ше? Ауыл шаруашылығы техникасының қымбаттығын ескерсек, іс жүзінде лизинг төлемдері әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Мұндай жағдайда төленетін сома жүздеген мың теңгеге артады. Үнемі несиеге сүйеніп жұмыс істейтін шаруа үшін бұл қосымша шығынның салмағы айтарлықтай болуы әбден мүмкін.
Пікірімізді Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Азамат Әмриннің көп нәрсені аңғартатын өз сөзімен аяқтайық.

Сөз соңында Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Азамат Әмриннің мына мәлімдемесіне назар аударайық.

«2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық салынатын айналымдарға ҚҚС-тың 16 пайыздық мөлшерлемесі қолданылады. Бұл – барлық салық төлеушіге ортақ тәртіп. Лизинг алушылар үшін қосымша салық жүктемесі шарт бойынша әлі төленбеген төлемдердің ҚҚС салынатын бөлігіне ғана қатысты. Сондықтан оның қаншалықты ауыртпалық түсіретінін бағалағанда қолданыстағы салық жеңілдіктері мен агроөнеркәсіп кешеніне мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан ауқымды қолдауды да ескеру қажет.

Жекелеген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қосымша қаржылық шығынын азайту үшін келісімшарттың жасалған мерзіміне қарай бөлек салық тәртібін енгізудің қажеті жоқ деп есептейміз. Оның орнына шаруаларға мемлекет тарапынан атаулы қолдау көрсетіп, жеңілдетілген қаржыландыру тетіктерін пайдаланған жөн», – деп түйіндеді Азамат Әмрин.

Ұлттық экономика министрлігінің жауабынан түсінгеніміз, лизинг төлемі көбейіп, шаруаның шығыны артса, мемлекеттен көмек сұрауы керек. Бірақ мәселені мұншалықты күрделендірудің қажеті қанша? Бұрын жасалған келісімшарттар үшін ҚҚС-ты 12 пайыз күйінде қалдырса жеткілікті емес пе? Сонда Ауыл шаруашылығы министрлігіне де қосымша жұмыс жүктелмейді, бюджеттен де артық қаржы жұмсалмайды.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Беларусьтегі ҰҚШҰ оқу-жаттығулары: жаңа қауіптерге қарсы дайындық

Беларусь жерінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгерлік күштері қатысатын «Мызғымас бауырластық – 2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Сонымен қатар радиациялық, химиялық және биологиялық қауіптен қорғау және медициналық қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен күштердің «Барьер – 2026» арнайы оқу-жаттығуы өтіп жатыр.

НАТО банкін құру жоспары неге баяу жүзеге асып жатыр?

 Соғысқа дайындықтың өзі қыруар қаржыны талап етеді. Ал экономикалық қиындықтар көбейіп, мемлекеттік қарыз ұлғайып, бюджет тапшылығы күшейген шақта әскери шығынды қалай өтеуге болады? Солтүстік Атлантика альянсы бұл мәселені НАТО банкін құру арқылы шешпек. «Қорғаныс, қауіпсіздік және тұрақтылық банкі» (DSRB) деп аталатын қаржы ұйымы құрылтайшы мемлекеттердегі саяси биліктің ауысуына қарамастан, қорғаныс саласына үздіксіз қаржы тартуды көздейді. Бұл бастама 2019 жылы көтерілгенімен, қаражат тапшылығынан оны жүзеге асыру ісі баяу жүріп жатыр. Алайда НАТО-ның DSRB (Defence, Security and Resilience Bank) банкін құру бастамасы Батыстағы соғысқұмар күштердің ортақ мүддесінен ғана туған жоқ. Бұл жоба олардың өзара бәсекесінің де қаншалықты күшейгенін көрсетеді.

АҚШ ӘТК жойғыш ұшағы Иран портынан шыққан сауда кемесіне зымыранмен соққы берді

АҚШ Қарулы күштері Иранға қойылған теңіз қоршауын бұзуға әрекеттенген Панама туы астындағы сауда кемесіне зымыранмен соққы берді. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады.

Эр-Рияд әуежайына жасалған соққыдан 12 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланды

Хуситтердің Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасаған соққысынан 12 адам қаза тауып, 309 адам жараланды. Бұл туралы Сауд Арабиясының азаматтық авиация басқармасы хабарлады.