Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда ӘКК-лар жаңа форматта жұмыс істейтін болады

Қазақстанда ӘКК-лар жаңа форматта жұмыс істейтін болады

|

|

***Тұрақтандыру қорлары ӘКК құрамынан шығарылады

Астана. 14 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (ӘКК) реформалау жоспарланып отыр. Оларды қайта құру мәселелері Үкіметтегі кеңесте қаралды, деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Хабарламаға сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі ӘКК үшін жеті негізгі функцияны айқындаған.

Корпорациялар инвесторлар мен кредиторларды айқындай отырып, өңірлік жобалардың бес жылдық портфельдерін қалыптастыруы тиіс. Қаржыландыру көздері ретінде банктер мен «Бәйтерек» тобының даму институттары қарастырылуда.

ӘКК бизнес пен ұлттық даму институттары – «Даму» қоры, Өнеркәсіпті дамыту қоры, Қазақстанның Даму банкі, Аграрлық несие корпорациясы, сондай-ақ Kazakh Invest, QazIndustry, QazTrade агенттіктері арасында байланыстырушы буын қызметін атқарады.

Сонымен қатар ӘКК-ларға табыстылық және өзін-өзі ақтау қағидаттары негізінде кредит беру құқығы беріледі. Баспасөз хабарламасында мемлекеттік активтерді басқару кіріс әкелуге бағытталуы тиіс екені атап өтілген.

Реформа аясында тұрақтандыру қорларын (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тежеуге арналған мемлекеттік резервтер) ӘКК құрамынан шығару қарастырылуда. Бұл шығын әкелетін функцияларды қысқартуға, ашықтықты арттыруға және кредиттік рейтингтер алуға, сондай-ақ нарықтық қаржыландыру тартуға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер Қанат Бозымбаев арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметіне қатысты мәселелерді пысықтауды, бейінді емес активтерге түгендеу жүргізуді, сондай-ақ ӘКК үшін бірыңғай кредиттік және инвестициялық саясатты қалыптастыруға арналған нормативтік базаны әзірлеуді тапсырды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.