Астана. 14 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венгриядағы парламенттік сайлауда жеңіске жеткен Петер Мадьярды құттықтады, деп хабарлады сейсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы дауыс беру қорытындылары венгр халқының TISZA партиясының басшылығына және оның бағдарламасына деген жоғары сенімін көрсететінін атап өтіп, Венгрияның одан әрі тұрақты дамуына сенім білдірді», – делінген хабарламада.
Президент Астананың Будапештпен стратегиялық әріптестікті нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтіп, екі ел халқының игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.
Тоқаев Мадьярға жауапты қызметінде табыс тілеп, Венгрия халқына амандық пен өркендеу тіледі.
Өткен жексенбі күні Венгрияда парламенттік сайлау өтті. Негізгі бәсекелестер қазіргі премьер-министр Виктор Орбан жетекшілік ететін «Фидес» партиясы мен Петер Мадьяр басқаратын «Тиса» партиясы болды.




