Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда рейтинг агенттіктерінің қызметін реттеудің құқықтық негізі қалыптастырылуда

Қазақстанда рейтинг агенттіктерінің қызметін реттеудің құқықтық негізі қалыптастырылуда

|

|

Астана. 15 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен пленарлық отырыста «Рейтингтік қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасы Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерінің қызметін реттеудің құқықтық негізін алғаш рет айқындайды. Онда олардың мәртебесі, қызмет шарттары, тәуелсіздік, ашықтық және есептілік талаптары белгіленеді», – деп мәлімдеді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан аумағында рейтингтерді халықаралық «үлкен үштік» агенттіктері – Standard & Poor’s, Moody’s және Fitch Ratings, сондай-ақ Ресейдің «Эксперт РА» және АКРА агенттіктері береді.

Сонымен қатар ұлттық рейтинг жүйесі мен құқықтық база әлі қалыптаспағаны атап өтілді.

Заң жобасына сәйкес, кредиттік рейтинг агенттіктерінің үш түрін қамтитын институционалдық модель енгізіледі. Біріншісі – ұлттық рейтингтік бағалау жүргізетін тәуелсіз институт ретінде қазақстандық рейтинг агенттігі. Оның акционерлері ретінде Ұлттық банк, халықаралық рейтинг агенттігі және қаржы ұйымдары қарастырылады. Екіншісі – халықаралық рейтинг агенттіктері, оның ішінде Standard & Poor’s, Moody’s, Fitch және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері мойындаған өзге агенттіктер.

Заң жобасы кредиттік рейтинг агенттіктерінің қызметін реттеу мен қадағалаудың толық циклін қалыптастырады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне халықаралық және шетелдік рейтинг агенттіктерін тану, мониторинг жүргізу және тіркеуді қайтарып алу, сондай-ақ заңнама талаптарының сақталуын бақылау өкілеттіктері беріледі.

Нарыққа кіру үшін халықаралық және шетелдік рейтинг агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптары белгіленеді. Олардың қатарында кемінде бес жылдық жұмыс тәжірибесі, жеткілікті капитал деңгейі, тексерілген әдіснама және институционалдық тәуелсіздік бар.

Сонымен қатар рейтингтердің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында талдаушыларға қойылатын талаптар енгізіледі: олардың сыйақысы клиенттердің қаржылық нәтижелеріне тәуелді болмауы тиіс, міндетті ротация қағидаты енгізіледі, сондай-ақ бағаланатын тұлғалардың қаржы құралдарына иелік етуге тыйым салынады.

Маңызды жаңалықтардың бірі – ақпаратты ашу стандарттарының енгізілуі. Рейтинг агенттіктері өз сайттарында әдіснамаларын, баға белгілеу саясатын және мүдделер қақтығысы туралы ақпаратты жариялауға міндетті болады. Сондай-ақ рейтингтер бойынша дефолт деңгейлерінің тарихи деректерін жариялау талабы енгізіледі. Жыл сайын агенттіктер қызметінің ашықтығы туралы есеп жариялап, онда бенефициарлық меншік құрылымы мен ішкі бақылау нәтижелері көрсетілуі тиіс.

Бұдан бөлек, Мәжіліс рейтингтік қызметке қатысты заңнамалық актілерге енгізілетін ілеспе түзетулерді де бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл түзетулер рейтингтік қызметті мемлекеттік реттеу мен қадағалауды енгізуге, қаржы нарығы қатысушыларына қойылатын талаптарды рейтинг агенттіктеріне де қолдануға, сондай-ақ банктер мен сақтандыру компанияларына рейтинг агенттіктерінің капиталына инвестиция салу мүмкіндігін беруге бағытталған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.