Евразия24ЖаңалықтарТоқаев БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі Марсудимен су ресурстары мәселелерін талқылады

Тоқаев БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі Марсудимен су ресурстары мәселелерін талқылады

|

|

Астана. 15 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының су ресурстары жөніндегі арнайы өкілі Ретно Марсудины қабылдады. Бұл туралы сәрсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Кездесу барысында жаһандық және өңірлік су мәселелеріне қатысты негізгі тақырыптар талқыланды», – делінген хабарламада.

Тоқаев су ресурстары Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл мәселе тұрақты даму, экологиялық қауіпсіздік және өңірлік тұрақтылықпен тікелей байланысты. Сондай-ақ ол су саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімді жүйесін қалыптастырудың маңызын ерекше атап өтті.

Осы тұрғыда Президент БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына тоқталды. Оның пікірінше, бұл қадам су ресурстарын ұтымды пайдалану, халықаралық үйлестіруді күшейту және су мәселелеріне қатысты тұрақты шешімдерді ілгерілету бағытындағы жаһандық күш-жігерге серпін береді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада өтетін өңірлік экологиялық саммит аясында аталған бастамаға қатысты халықаралық консультациялардың алғашқы кезеңін бастау жоспарланып отыр.

Кездесуде сондай-ақ 2026 жылдың желтоқсанында Абу-Дабиде өтетін БҰҰ-ның су ресурстары жөніндегі конференциясының маңызы атап өтілді. Бұл алаң су мәселелерін шешу бойынша келісілген тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тараптар Орталық Азия өңірінде су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне де ерекше назар аударды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.