Евразия24ЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасында тікелей әуе қатынасы қайта жанданып,...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасында тікелей әуе қатынасы қайта жанданып, жаңа бағыт ашылады

|

|

Астана. 21 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Астана мен Ұлан-Батыр арасындағы әуе қатынасы жақын уақытта қайта іске қосылады. Сонымен қатар Өскемен – Өлгий бағытында жаңа әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Біздің елдеріміз арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру – басым міндеттердің бірі болып қала береді. Қазіргі уақытта Алматы – Ұлан-Батыр бағыты бойынша тұрақты рейстер орындалуда. Жақын уақытта Астана мен Ұлан-Батыр арасындағы жолаушылар тасымалын қайта бастау жоспарланып отыр», – деді Тоқаев Астанада Моңғолия Президентімен келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне жасаған мәлімдемесінде.

«Сонымен қатар келіссөздер аясында Өскемен – Өлгий бағыты бойынша әуе қатынасын ұйымдастыру жөнінде келісімге қол қойдық», – деп хабарлады Қазақстан Президенті.

«Бұл маңызды қадам екіжақты әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, өңіраралық байланыстарды нығайтуға кең мүмкіндік ашады», – деп түйіндеді Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Дәрігерлер шала туған сәбидің өмірін сақтап қалды

2008 жылға дейін Қазақстанда дене салмағы өте төмен болып туған нәрестелерді аман алып қалудың жүйелі тәжірибесі әлі қалыптаспаған еді. Ал бүгінде елімізде жүктіліктің 22-аптасынан бастап дүниеге келген, салмағы небәрі 500 грамнан асатын сәбилердің жартысынан көбі дәрігерлердің көмегімен өмір сүріп кетеді.

Германия мен Ұлыбритания 2034 жылға қарай ұшу қашықтығы 2 мың шақырым болатын қанатты зымыран әзірлеуді жоспарлап отыр

Германия мен Ұлыбритания қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейту аясында 2034 жылға дейін нысаналарды 2 мың шақырым қашықтықтан жоя алатын қанатты зымыран әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Welt басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ Қорғаныс министрлігі Иранға қарсы операцияға байланысты қаржы тапшылығына тап болуы мүмкін

АҚШ Қорғаныс министрлігі Иранға қарсы әскери операцияға байланысты қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге арналған қаражат тапшылығына жақын қалды. Бұл туралы The Washington Post газеті дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Қытай Жапонияның әскери кемелерге қатысты алаңдаушылығын негізсіз деп атады

Қытай Сыртқы істер министрлігі Жапонияның ел маңындағы теңіз акваториясында Қытай әскери кемелерінің әрекетіне қатысты алаңдауына негіз жоқ деп мәлімдеді. Бұл туралы Global Times хабарлады.