Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанға жақын уақытта ЖИ және deeptech саласында 100 мың маман даярлау қажет

Қазақстанға жақын уақытта ЖИ және deeptech саласында 100 мың маман даярлау қажет

|

|

Астана. 24 сәуір. «Интерфакс-Қазақстан» — Қазақстанға жақын жылдары жасанды интеллект және deeptech технологиялары саласында қосымша 100 мың маман даярлау қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Қазіргі таңда Al Sana бағдарламасы бойынша 650 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Ал алдағы кезеңде жасанды интеллект және deeptech технологиялары бағытында тағы 100 мың маман даярлау қажет», — деді Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде.

Мемлекет басшысы сондай-ақ жақын уақытта елдің цифрлық дамуының негізгі бағытын айқындайтын Digital Qazaqstan стратегиясы бекітілетінін хабарлады.

Президент Қазақстанда суперкомпьютерлік кластер іске қосылғанын атап өтіп, деректерді өңдеу орталықтарының («Долина ЦОД») экожүйесін қалыптастыру қажеттігін айтты.

«Бұл ауқымды жоба жаңа инвестициялар тартуға және еліміздің өңірлік цифрлық хаб ретіндегі позициясын күшейтуге мүмкіндік береді», — деді ол.

Сонымен қатар Тоқаев күзде Қазақстанда креативті индустрияны дамытуға арналған Astana AI Film Festival халықаралық іс-шарасы өтетінін еске салды.

«Бұл фестиваль елімізді халықаралық деңгейде инновациялар мен жаңа бастамалардың орталығы ретінде таныту үшін маңызды», — деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанда Жасанды интеллект университетін ашу жоспарланып отырғанына да тоқталды.

«Біздің негізгі міндетіміз — осы салаға қажетті білікті мамандарды даярлау. Дарынды жастарды тарту және оларға сапалы білім алу үшін жағдай жасау маңызды. Сонымен қатар перспективалы технологиялық жобалар мен компанияларды қолдау қажет. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс елдің дамуына жаңа серпін береді», — деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.