Евразия24ЖаңалықтарТоқаев «Жасыл сабақтар» жобасын әзірлеп, іске қосуды тапсырды

Тоқаев «Жасыл сабақтар» жобасын әзірлеп, іске қосуды тапсырды

|

|

Астана. 25 сәуір. «Интерфакс-Қазақстан» — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастыруда білім беру жүйесіне ерекше мән беру қажет екенін мәлімдеді.

«Балалар мектептен бастап табиғатты қорғауды және еңбекті бағалауды үйренуі тиіс. Оқушылар мен студенттерді экологиялық акцияларға кеңінен тарту қажет. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын әзірлеп, енгізуді тапсырамын», — деді Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы барысында.

Мемлекет басшысы білім беру ұйымдарында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын жүйелі түрде қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ол оқушылар мен студенттердің экологиялық жобалары мен ғылыми зерттеулерін жан-жақты қолдау қажеттігін айтты.

Президенттің пікірінше, «Таза Қазақстан» бастамасы ұлттық идея деңгейіне көтерілуі тиіс.

«Бұл бастама қоғамды сапалы түрде өзгертуге бағытталуы керек. Оны азаматтардың санасына терең сіңіру үшін мәдениет саласының, әсіресе креативті индустрияның әлеуетін толық пайдалану қажет. Еңбекқорлық, табандылық, әділдік және шығармашылық сияқты құндылықтарды фильмдер мен сериалдар арқылы насихаттау керек. Бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін тиімді қолдану маңызды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.