Евразия24Еуразия патриоттарыШай, кофе және құрылыс материалдарын таңбалау міндеттелді

Шай, кофе және құрылыс материалдарын таңбалау міндеттелді

|

|

Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлайды: «Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстар пакетін қарап, шай, кофе, какао, лак-бояу өнімдері, балалар ойыншықтары мен құрылыс материалдарын таңбалаудың біріңғай ережелерін белгілейтін бірқатар шешім қабылдады. Қол қойылған құжаттарға сәйкес, мүше мемлекеттер өз аумағында өнімдерді сәйкестендіру құралдарымен таңбалаудың мерзімі мен тәртібін дербес айқындайды. Бұл ретте тиісті іс-шаралар басталғанға дейін алты айдан кешіктірмей ЕЭК-ке хабарлауы тиіс. «Таңбаланатын тауар санаттарының көбеюі Одақтың ортақ таңбалау жүйесі дамып келе жатқанын көрсетеді. Бұл тұтынушыларға өнімнің түпнұсқалығына көз жеткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, заңсыз айналымды азайту арқылы нарықтың адал қатысушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттырады», – деп атап өтті ЕЭК сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Ол тауарлардың жаңа топтарын таңбалау ЕЭК Кеңесінің 2019 жылғы шешімімен бекітілген базалық технологиялық модельге сәйкес, біріңғай ережелер бойынша жүргізілетінін қадап айтты. Осылайша, таңбалау кодтарының өзара танылуы қамтамасыз етіледі, бұл тауарлар Одақ ішінде айналымға шыққан кезде оларды қайта таңбалау қажеттілігін жояды».

Еуразия24 пікірі:

Сауда және интеграция министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің өткен жылдардағы мәліметтеріне сүйенсек, таңбалау енгізілген тауар топтары бойынша оң динамика байқалады. Бұл ретте аяқ киім өнімдері ең сәтті мысалдардың бірі болып табылады. Таңбалау жүйесі енгізілгеннен бері аяқ киім импортынан түсетін ҚҚС пен кедендік алымдар 4 есеге жуық өсті: 2021 жылғы 7,8 млрд теңгеден, 2023-2024 жылдары 30,7 млрд теңгеден астам көрсеткішке жетті. Сонымен қатар, ресми импорт контрафактілік өнімнен тазарды: құжаттар бойынша әкелінетін аяқ киім көлемі 40%-ға қысқарды, бұл «көлеңкелі» тауардың заңды өніммен алмасқанын көрсетеді. Темекі бұйымдары бойынша да осыған ұқсас көрсеткіштер тіркелді. Таңбалау акциздік түсімдердің 25%-ға артуын қамтамасыз етті. Тек 2024 жылдың өзінде шамамен 15 млрд теңгеге тең заңсыз темекі өнімдері анықталып, тәркіленді. Ал дәрі-дәрмек саласындағы нәтиже экономикалық пайдадан бөлек, халықтың өмірі мен денсаулығы үшін де өте маңызды. Қадағалау жүйесін енгізу ЕАЭО аумағында шамамен 269,6 млн АҚШ долларын құрайтын заңсыз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік берді. Тек осы саланың өзінде қосымша салық түсімдері қазірдің өзінде 19 млн долларға жуықтады. Шай, кофе, ойыншықтар мен құрылыс материалдары үшін ережелерді біріздендіру қазақстандық адал өндірушілерге «сапасыз жасырын тауармен» емес, сапалы брендтермен бәсекелесуге жағдай жасайды. Үкімет болжамы бойынша, алдағы бес жылда таңбалауды кеңейту елдегі жалпы көлеңкелі айналымды тағы 926 млрд теңгеге төмендетуге көмектеседі. Тұтынушылар үшін басты артықшылық — қауіпсіздік. Таңбалау енгізілгеннен кейін кез келген қазақстандық Naqty Onim қосымшасы арқылы балалар ойыншығының улы қолдан жасалған бұйым емес екенін немесе құрылыс материалдарының сапасын бір рет басу арқылы тексере алады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.