Евразия24ЖаңалықтарБектенов «Қазцинк» зауытындағы өртке қатысты істі жеке бақылауына алды

Бектенов «Қазцинк» зауытындағы өртке қатысты істі жеке бақылауына алды

|

|

Астана. 5 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы (Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы) «Қазцинк» зауытында болған өртке қатысты істі жеке бақылауына алды.

«Мен Өскемен қаласындағы жарылысқа байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне, Экология министрлігіне және облыс әкімдігіне тиісті тапсырмалар бердім. Олар қажетті шараларды қабылдап, маған есеп беретін болады», — деді Бектенов сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында. Үкімет басшысы бұл мәселенің оның тікелей бақылауында болатынын атап өтті.

Сейсенбі күні таңертең Өскемендегі «Қазцинк» ЖШС зауытының аумағында шаң жинау құрылғысының тарсылы естіліп, арты өртке ұласты және ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды, құтқарушылар конструкцияларды бөлшектеп, жану ошақтарын толық сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді.
Зардап шеккендерді іздестіру шаралары жалғасуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, төрт адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.