Евразия24ЖаңалықтарҚытай мен АҚШ бірқатар тауарға салынатын кедендік бажды төмендетуге келісті

Қытай мен АҚШ бірқатар тауарға салынатын кедендік бажды төмендетуге келісті

|

|

Бейжің. 16 мамыр. ИНТЕРФАКС — Қытай мен АҚШ бірқатар тауарға қатысты өзара кедендік баж мөлшерін азайту туралы келісімге келді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі ҚХР Сауда министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Құжатта мұндай қадам сауда көлемін ұлғайту, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында қабылданғаны айтылған. Алайда баж салығы төмендетілетін нақты тауарлар әзірге жарияланған жоқ. Тараптар келісімнің егжей-тегжейін талқылауды жалғастырып жатыр.

Қытай Сауда министрлігі АҚШ-тың Қытайға импортталатын америкалық ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты талаптарын да қарастыратынын мәлімдеді.

Сонымен қатар мәлімдемеде Қытайдың АҚШ-тан ұшақ сатып алуды жоспарлап отырғаны расталған. Бірақ қандай үлгідегі және қанша ұшақ алынатыны нақтыланбаған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға сапары барысында бірнеше маңызды сауда келісімі жасалғанын айтқан еді. Ал АҚШ-қа қайтар жолда президенттік ұшақта журналистермен сөйлескен Трамп Бейжіңде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесулер кезінде сауда тарифтері мәселесі талқыланбағанын мәлімдеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.