Брюссель. 19 мамыр. ИНТЕРФАКС – Африка елдеріндегі Эбола безгегінің өршуі осы уақытқа дейін инфекция жұқтыруы мүмкін 500-ден астам жағдайға және осы дерттен қайтыс болды деп болжанған 130 өлім дерегіне әкеп соқты. Бұл туралы сейсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.
«Ресми расталған жағдайлардан бөлек, ауруды жұқтырды деген 500-ден астам күдікті жағдай мен осы дерт салдарынан болды деп болжанған 130 өлім дерегі анықталды», — деді Гебрейесус 79-шы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында сөйлеген сөзінде.
Ол қазіргі уақытта Эбола безгегін жұқтырудың ресми расталған 32 жағдайы тіркелгенін еске салды. Оның 30-ы Конго Демократиялық Республикасында (КДР), екеуі Угандада анықталған, сонымен қатар Угандадағы инфекция жұқтырған екі азамат та елге КДР-дан келгені белгілі болды.
ДДСҰ басшысы індеттің өршуіне Эбола безгегінің бір түрі – Бундибугйо вирусы себеп болғанын баса айтты.
Бұған дейін ДДСҰ Эбола безгегінің таралуына байланысты денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жариялаған болатын. Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп та безгек індетінің өршуіне байланысты өзінің алаңдаушылығын білдірді.




