Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҚазақстан банктері ірі бизнеске бет бұра бастады

Қазақстан банктері ірі бизнеске бет бұра бастады

|

|

Atameken Business хабарлауынша, Қазақстанда ипотекаға сұраныс 21%-ға төмендеген. Бұл туралы Ұлттық банктің сауалнамасында айтылған. ҚР Ұлттық банкінің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Кубенбаевтың мәліметінше, бірінші тоқсанда ипотекалық несиеге берілген өтінімдер саны 21%-ға азайып, 191 мыңды құраған. Автонесиеге сұраныс та 20%-ға төмендеп, 1,2 млн өтінімге дейін қысқарған. Кепілсіз несиелерге сұраныс 2%-ға төмендеп, 16,1 млн өтінім болған. Дегенмен мұндай қарыздардың орташа көлемі 963 мың теңгеге дейін өскен. Ипотекалық несиелеудің төмендеуіне пайыздық мөлшерлемелердің өсуі мен тұрғын үй құрылысы көлемінің қысқаруы әсер еткен. Ал автонесиелеу нарығындағы баяулау жаңа көліктер бағасының төмендеуі аясында субсидияланатын бағдарламаларға қызығушылықтың азаюымен байланыстырылады. Ірі бизнес тарапынан берілген өтінімдер саны 16%-ға артып, 238-ге жеткен. Сонымен қатар олардың орташа көлемі 80%-ға өсіп, 18,8 млрд теңгені құраған. Ал шағын бизнес субъектілері берген өтінімдер саны 5%-ға азайып, 912 мың болған. Орташа несие көлемі 11%-ға төмендеп, 24,8 млн теңгені құрады. Несие мақұлдау деңгейі ірі бизнес сегментінде 10 пайыздық тармаққа төмендеп, 55% болған. Орта бизнес бойынша бұл көрсеткіш 4 пайыздық тармаққа азайып, 37%-ды құрады. Шағын бизнесте 2 пайыздық тармаққа төмендеп, 34% деңгейінде қалыптасты. Екінші тоқсанда банктер ірі бизнес тарапынан сұраныстың артып, ипотекалық несиеге қызығушылықтың қайта өседі деп болжауда.

Еуразия24 пікірі:

Ұлттық банк ірі бизнеске несие беруге арналған өтінімдердің артқанын тіркеп отыр. Бұл банк секторының тұтынушылық несиелендіруден нақты экономика бағытына қарай біртіндеп бет бұра бастағанын көрсетсе керек. Соңғы жылдары Ақорда да, Үкімет те банктердің өте қолайлы үлгіде жұмыс істеп келгенін бірнеше рет атап өткен болатын. Олар өндіріске, инфрақұрылымға немесе өңдеу өнеркәсібіне инвестиция құюды тәуекелі жоғары әрі табысы аз сала санап, халыққа жылдам, жаппай және жоғары пайдамен несие үлестіруді жөн көрді. Алайда қазіргі уақытта нарықта мүлдем басқа жағдай қалыптасуда: ипотека мен автонесие көрсеткіштері төмендеп, халықтың несиеге деген сұранысы бәсеңсіп келеді. Оның есесіне ірі бизнес өкілдерінен түсетін өтінімдер саны артып, тіпті орташа сұраныс көлемі 80 пайызға, яғни дерлік 19 миллиард теңгеге дейін күрт өскен. Бұл үрдіс бөліп төлеуге алынатын кезекті смартфон емес, ауқымды инвестициялық жобалардың қолға алына бастағанынан хабар береді. Мұндай ірі өтінімдерді мақұлдау деңгейінің төмендеуін теріс құбылыс деп қабылдауға болмайды. Керісінше, банктер несие қоржынын жасанды түрде өсіруді доғарып, жобалардың сапасына нақты мән бере бастағанын аңғартады. Ұзақ мерзім тұрғысынан алғанда бұл үдерістің экономика үшін тиімділігі жоғары.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақ қоғамында ажырасу неге көбейді?

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөздің мәні бүгін бұрынғыдан да терең сезіледі. Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасу қоғамдық мәселе ретінде жиі айтылып жүр. Бұл тек екі адамның жеке таңдауы емес, баланың тағдырына, демографияға, әлеуметтік тұрақтылыққа әсер ететін мәселе.Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркеліп, 45,7 мың ажырасу рәсімделген. 2024 жылы 123,6 мың неке және 40,5 мың ажырасу болған. Бір жылда тіркелген ажырасулар саны шамамен 5,2 мыңға өскен. Ең назар аударарлығы – ажырасулардың 35 пайызы некенің алғашқы 1-4 жылында болған. Тағы 24 пайызы 5-9 жыл бірге тұрған отбасыларға тиесілі. Бұл «неге жас отбасылардың шаңырағы шайқалады?» деген сұрақты алға шығарады.

Қазақстанда Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жеке мемлекеттік орган болып құрылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Исландияда ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастау мәселесі бойынша референдум өтіп жатыр

Исландияда сенбі күні Еуропалық одаққа кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастау мәселесі бойынша референдум басталды.

Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 626 адамға жетті, 2,4 мың адам із-түзсіз жоғалған

Непалдағы жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 626 адамға жетті, тағы 2,4 мың адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Бұл туралы сенбі күні Ресейдің Непалдағы елшілігі хабарлады.