Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Республикасы Парламенті Сенаты пара беру туралы уәде үшін қылмыстық жауапкершілік енгізетін...

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты пара беру туралы уәде үшін қылмыстық жауапкершілік енгізетін заңды мақұлдады

|

|

Астана. 28 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Сенаты бейсенбі күнгі пленарлық отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңдарды екі оқылымда қарап, мақұлдады.

Атап айтқанда, бұған дейін Мәжіліс қабылдаған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және онымен байланысты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қылмыстық кодекске, Қылмыстық-процестік кодекске және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар мақұлданды.

Екі құжат та Президенттің қол қоюына жолданады.

«Қаралып отырған заңдардың мақсаты – 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру, превентивтік шараларды күшейту және халықаралық антикоррупциялық стандарттарды енгізу», – деді сенатор Андрей Лукин отырыс барысында.

Оның айтуынша, түзетулер мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу тетіктерін енгізуді, жеке мүдделерді декларациялау міндетін, сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу шараларын қабылдамағаны үшін жауапкершілікті көздейді.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға қызметтік өкілеттіктерін жеке мүдделеріне пайдалануға тыйым салынады.

Сонымен қатар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілетін адамдар тізімі кеңейтіледі, жақын туыстардың бірлесіп қызмет атқаруына қатысты шектеулер күшейтіледі және ішкі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау тетіктері жаңғыртылады.

Мәселен, бір ведомствода басшының жиендері, жезделері, қайындары, абысын-ажын туыстары мен күйеу балаларының бірге жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Заңда пара алу мен пара беруге ғана емес, сондай-ақ пара беруге уәде ету, ұсыну немесе талап ету әрекеттеріне де қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.

Сондай-ақ жеке тұлғаларға қатысты әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша ескіру мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұлғайтылады.

«Бұдан бөлек, мүдделер қақтығысын реттеу шараларын қабылдамау, сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарламау және заңсыз материалдық сыйақы беру сияқты жекелеген құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі. Заңдарды қабылдаудан күтілетін нәтиже – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, анықтау және жолын кесу тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі ашықтықты күшейту», – деді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуроодақ Украинамен сыртқы қатынастар бағыты бойынша мүшелік келіссөздерін бастады

Сейсенбі күні Брюссельде Украинаның Еуропалық одаққа (ЕО) қосылуы жөніндегі Үкіметаралық конференцияның үшінші отырысы өтті. Оның барысында келіссөздердің алтыншы кластері – «Сыртқы қатынастар» бағыты ресми түрде ашылды. Бұл туралы ЕО Кеңесінің хабарламасында айтылды.

Қазақстан аффинаж кәсіпорындарын импорттық алтынмен қамтамасыз етпек

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов отандық аффинаж кәсіпорындарының өндірістік қуатын толық пайдалануды, оның ішінде импорттық алтын жеткізу арқылы қамтамасыз етуді тапсырды.

Таяу Шығыстағы шиеленіс Еуропа қор нарықтарына қысым түсірді

Сейсенбі күні Батыс Еуропаның жетекші қор индекстері Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта шиеленісуі аясында төмендеп жатыр. Мәскеу уақытымен сағат 11:58-дегі жағдай бойынша Еуропаның ірі компанияларын қамтитын Stoxx Europe 600 жиынтық индексі 0,8%-ға төмендеп, 636,12 пунктті құрады.

Премьер Алматыдағы ЖЭО-3-ті жаңғырту мерзімі бұзылған жағдайда жауапкершілік болатынын ескертті

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Алматыдағы ЖЭО-3-ті жаңғырту жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтауды талап етіп, жоба мерзімі бұзылған жағдайда Энергетика министрлігі басшылығының жеке жауапкершілігі қаралатынын мәлімдеді.