Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан төрағалық кезеңінде ЕАЭО-ның экономикалық әлеуетін нығайтуға күш салады

Қазақстан төрағалық кезеңінде ЕАЭО-ның экономикалық әлеуетін нығайтуға күш салады

|

|

Астана. 29 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) органдарына төрағалық ету кезеңінде ұйымның экономикалық әлеуетін одан әрі нығайтуға және мүше мемлекеттердің тұрақты дамуына жан-жақты қолдау көрсетеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Жұма күні Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстанның ЕАЭО органдарындағы төрағалығы аясында ортақ экономикалық әлеуетті күшейтуге және қатысушы елдердің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастыратынын айтты.

Президенттің пікірінше, бірлескен күш-жігердің арқасында одаққа мүше мемлекеттер жаңа нәтижелерге қол жеткізіп, интеграциялық ынтымақтастықты сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтере алады.

«Өткен жылы біз ЕАЭО қызметінің стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын табысты аяқтадық. Алда еуразиялық интеграцияны одан әрі дамыту туралы декларацияда көзделген жаңа міндеттер тұр», – деді Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдетілмек

ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ведомство көлік құралдарын тіркеу және оларды басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыру қағидаларына өзгерістер әзірледі. «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін жеңілдетіп, оған кететін уақытты қысқарту. Осыған байланысты артық рәсімдер алынып тасталады.

Борышкерлердің құқығын қорғау: Қазақстан коллекторларға қойылатын талаптарды тағы да қатаңдатпақ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) коллекторлық агенттіктердің қызметіне жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұған қарыз алушылардан толассыз түсіп жатқан шағымдар себеп болған (https://bes.media/news/arrfr-gotovit-novye-ogranicheniya-dlya-kollektorov-posle-zhalob-dolzhnikov/ ). Тұтынушылық кредиттер бойынша берешекті коллекторларға сатуға енгізілген мораторийдің 2027 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылуы да мәселені шешпеген сыңайлы. Азаматтар коллекторлардың белгіленген уақыттан тыс хабарласатынына, рұқсат етілген байланыс санынан асып кететініне, сондай-ақ жұмыс берушілер мен таныстары арқылы психологиялық қысым көрсететініне шағымдануда. Заң талаптарын бұзған агенттіктер тексеріледі. Ал өрескел немесе жүйелі заңбұзушылықтарға жол бергендері арнайы тізілімнен шығарылуы мүмкін. Ендеше, коллекторларға қойылатын талаптардың кезекті рет қатаңдатылуы борышкерлердің жағдайына қалай әсер ететінін қарастырайық.

Шанхай мен Гонконг биржаларында акциялар қымбаттады, ал Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 5,5%-ға құлдырады

Сейсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор биржаларындағы сауда әртүрлі нәтижемен аяқталды. Қытай мен Гонконгтың негізгі индекстері аздап өсті, Австралия нарығында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Ал Жапонияда акциялар едәуір арзандап, Оңтүстік Кореяның Kospi индексі микрочип өндіруші компаниялар акцияларының құлдырауы салдарынан 5%-дан астам төмендеді.

Оңтүстік Корея халықаралық санкцияларды сақтай отырып, Солтүстік теңіз жолы арқылы кеме қатынасын дамытпақ

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён сейсенбі күні елдің Солтүстік теңіз жолын жүк тасымалы үшін кеңінен пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді. Алайда бұл бағыттағы жұмыстар халықаралық санкцияларды қатаң сақтай отырып жүргізіледі.