Евразия24ЖаңалықтарТоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

|

|

Астана. 1 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

«Барша отандастарымды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Жас ұрпақтың құқықтары мен денсаулығын қорғау, олардың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық міндет әрі конституциялық жауапкершілік. Бақытты балалық шақтың берік негізі – тату және ынтымағы жарасқан отбасы», – деп жазды Тоқаев дүйсенбі күні Instagram парақшасында.

Президенттің айтуынша, өсіп келе жатқан ұрпақтың жасампаздық әлеуеті зор. Мұны балалардың білім, спорт және шығармашылық салаларындағы жетістіктері айқын дәлелдейді.

«Менің бастамаммен іске қосылған “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы аясында әрбір бала мемлекет тарапынан қолдау алады. Биылдан бастап “Қазақстан балалары” тұжырымдамасын жүзеге асыру үдерісі басталды. Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанда жас ұрпақты қолдау әрдайым мемлекеттік саясаттың басты назарында болады», – деп жазды Президент.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.