Дубай. 1 маусым. ИНТЕРФАКС – Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ пен Иран арасындағы қолданыстағы бітім Ливанды да қамтитынын айтып, бұл елдегі атысты тоқтату режимінің бұзылуы салдарсыз қалмайтынын ескертті.
«Иран мен АҚШ арасындағы бітім барлық бағыттарға, соның ішінде Ливанға да қатысты. Бір бағыттағы бітімнің бұзылуы – барлық бағыттағы бітімнің бұзылуы деген сөз», – деп жазды Аракчи дүйсенбі күні X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Ол сондай-ақ бітімнің бұзылуына байланысты Израиль мен Америка Құрама Штаттары қандай да бір түрде жауапкершілік арқалайтынын атап өтті.
Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) әскери күштеріне Ливан астанасы Бейрут қаласындағы Хезболла ұйымының нысандарына соққы беруді тапсырғанын мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар соңғы күндері Израиль әскері Ливанның оңтүстігінде «Хезболлаға» қарсы шабуыл операцияларын күшейтті.




