Евразия24Таңдаулы жаңалықтарЦифрландыру — отандық медицинаның шипасы

Цифрландыру — отандық медицинаның шипасы

|

|

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды: «Қазақстанда денсаулық сақтау саласының бірыңғай цифрлық контурын қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда бірыңғай жүйеде 21,3 мың медициналық ұйым, 275 мың медицина қызметкері және 141 мыңнан астам медициналық техника бірлігі туралы мәліметтер шоғырландырылды», — деп мәлімдеді ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директоры Нұршат Сарыбек министрліктің алқа отырысында. «Бұған дейін қолданылып келген құрақталған автоматтандыру кезеңінен өтіп, денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық экожүйесін құруға көштік. Бүгінде біз саланы басқару принциптерін түбегейлі өзгертетін маңызды платформаларды енгізудің алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз», — деп атап өтті Н. Сарыбек. 1С жүйелерімен және кадрлық тізілімдермен цифрлық интеграциялау нәтижесінде деректерді қолмен енгізу үлесі 0%-ға дейін төмендеді, ал медицина қызметкерлерінің әкімшілік жүктемесі 30-40%-ға қысқарды. «Біз 21 300-ден астам медициналық ұйым мен 275 000 қызметкер туралы ақпаратты бірыңғай контурға біріктіру арқылы деректердің шашыраңқылығын жойдық», — деп түйіндеді РЭДСО басшысы.

Еуразия24 пікірі:

Шындығына келгенде, бұл жолғы талдауымызды жағымды жаңалықтан бастаған жөн: ақыры жүкті қазақстандықтардың алмасу картасы eGov Mobile қосымшасында пайда болды. Енді әйелдер (тек жүкті әйелдер ғана емес, жалпы барлық нәзік жандылар) мен балалар денсаулығын бақылау 80 маңызды көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі шенеуніктерінің айтуынша, дәрі-дәрмекті әр науқасқа жеке жоспарлау жүйесі енгізілген. Ол бұрынғыдай нормативтерге сүйенген орташа есеппен емес, дәл әр адамның қажеттілігіне қарай дербес жасалады. Бұл жүйе хәлі ауыр науқастардың басты мәселесін — күнтізбелік жылдың басында немесе аяғында қажетті препараттардың табылмай қалуын немесе жетіспеушілігін шешуі тиіс. Диспансерлік бақылаудағы науқастарды цифрлық есепке алу және оларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты түйткілді мәселелерді шешуге ұзақ уақыт уәде беріліп, ақыры оның орындалғанына өзіміз үшін қуанатын сәт туды. Әрине, бұл жүйенің іс жүзінде қалай жұмыс істейтіні — басқа мәселе. Цифрлық жүйелерді науқастардың, әсіресе егде жастағы немесе жүріп-тұруы қиын жандардың қалай меңгеріп жатқанын біз әзірге білмейміз. Бірақ олар да үйреніп кетеді, өйткені бұл қажетті дәріні алу үшін табалдырық тоздырып, емхана кезектерінде сағаттап тұрғаннан әлдеқайда тиімді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Кипр Президенті Қазақстанға елдер арасындағы алғашқы тікелей әуе рейсімен келді

Кипр Президенті Никос Христодулидис сәрсенбі күні Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Кипр 2028 жылға дейінгі экономикалық ынтымақтастықтың жол картасын әзірлеуді жоспарлап отыр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кипрмен 2028 жылға дейінгі экономикалық ынтымақтастықтың жол картасын әзірлеуді ұсынды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Кипр Президенті Никос Христодулидиспен өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша хабарлады.

Қазақстанда еңбек заңнамасы жетілдірілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Кипр Президенті Қазақстанның «Достық» орденімен марапатталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президенті Никос Христодулидисне І дәрежелі «Достық» орденін табыстады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.