Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті педагогтардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдарға қол қойды

Қазақстан Президенті педагогтардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдарға қол қойды

|

|

Астана. 12 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға, сондай-ақ педагог мәртебесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы ілеспе заңға қол қойды. Бұл туралы жұма күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев аталған құжаттар педагогтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қосымша қорғауды көздейтінін атап өткен болатын.

Сонымен қатар білім беру саласында Қазақстан аумағында тіркелген шетелдік жоғары оқу орындарының қызметін жетілдіруге бағытталған нормалар енгізілген. Ал денсаулық сақтау жүйесінде интернатура арқылы кадр даярлаудың ерекшеліктері мен шарттары айқындалған.

«Жалпы алғанда, бұл заңдар педагогтардың мәртебесін нығайтуға және жекелеген салалардағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға ықпал етеді деп сенеміз», – деген болатын Әшімбаев.

Заңға сәйкес, білім беру органдарына оқушылардың мектептерде ұялы телефондарды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту құзыреті беріледі.

Бұған дейін Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сабақ кезінде мобильді құрылғылар дыбыссыз режимде болуы тиіс және мұғалімнің рұқсатынсыз пайдаланылмайды. Бақылау жұмыстары мен емтихандар кезінде мұғалімнің арнайы шешімі қарастырылған жекелеген жағдайларды қоспағанда, телефон қолдануға толық тыйым салынады.

Смартфондарды пайдалану тек білім беру мақсатында, яғни цифрлық платформалармен жұмыс істеу, жобалар әзірлеу және оқу тапсырмаларын орындау үшін ғана рұқсат етіледі.

Сонымен бірге педагогтар оқушылармен байланысты оқыс оқиғалар үшін тек жұмыс уақытында және оқыту мен тәрбиелеуге қатысты қызметтік міндеттерін атқару барысында ғана жауапты болады.

Бұдан бөлек, заңнамалық түзетулер педагогтан заңда көзделмеген артық есептілік пен ақпарат талап еткені үшін ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікті енгізеді. Сондай-ақ педагогтерды құжаттарды бір мезгілде қағаз және электрондық форматта жүргізуге міндеттеу және мемлекеттік мектептер мен колледждердің мұғалімдерін жекеменшік ұйымдардың іс-шараларына тарту әрекеттері де әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран Ресеймен бірлескен жобалар АҚШ қысымына төтеп беруге көмектеседі деп есептейді

Иран мен Ресейдің бірлескен жобалары Тегеранға халықаралық қысымға, әсіресе АҚШ тарапынан жасалатын қысымға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Бұл туралы жұма күні Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Әли Багери мәлімдеді.

Германия KNDS қорғаныс компаниясының 50% үлесін шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ

Германия француз-герман KNDS қорғаныс компаниясының жартысын шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

ЕО көшбасшылары Дублиндегі саммитте Украина бойынша келіссөздерге Еуроодақ атынан кім қатысатынын талқылайды – БАҚ

Еуроодақ елдерінің мемлекет және үкімет басшылары 13 қарашада Дублинде өтетін бейресми саммитте Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерде Еуропаның атынан кім өкілдік етуге тиіс екенін талқылайды. Бұл туралы жұма күні Politico басылымы жазды.

Жұма күні Еуропаның қор нарықтарында индекстер төмендеп жатыр

Жұма күні Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері төмендеп жатыр. Инвесторлар жарияланған статистикалық деректер мен компаниялардың қаржылық есептерін саралауда.