Евразия24ЖаңалықтарТоқаев DFC корпорациясының Қазақстандағы өкілдігін ашу мәселесін талқылады

Тоқаев DFC корпорациясының Қазақстандағы өкілдігін ашу мәселесін талқылады

|

|

Астана. 15 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі қаржы корпорациясының (DFC) атқарушы директоры Бен Блэкті қабылдады. Кездесу барысында корпорацияның Қазақстанда өкілдігін ашу мүмкіндігі талқыланды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада айтылғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық тараптың бірлескен инвестициялық жобаларды нақты іске асыруға дайын екенін растады.

Тараптар стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбалар, көлік байланысы, агроөнеркәсіптік кешен, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды. Сонымен қатар АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі қаржы корпорациясының Қазақстандағы тұрақты өкілдігін ашу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Президенттің айтуынша, Дональд Трамп әкімшілігі қызметке кіріскеннен кейін Вашингтонның Астанамен және жалпы Орталық Азия өңірімен өзара іс-қимылы едәуір жандана түскен.

«Біз АҚШ президентінің дипломатия саласындағы батыл көзқарасы мен прагматикалық ұстанымын толық қолдаймыз. Қазақстан Авраам келісімдері, Бейбітшілік кеңесі, TRIPP бастамасы және басқа да жобаларды қоса алғанда, америкалық маңызды бастамаларды ілгерілетуге белсенді түрде қатысып келеді. Бұл күш-жігердің барлығы кеңейтілген стратегиялық әріптестігіміздің жаңа серпін алуына ықпал етті және бүгінде ол бұрынғыдан да нығая түсті», – деп келтірілген Президенттің сөздері хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев DFC корпорациясының инвестициялық басымдықтары Қазақстанның даму күн тәртібімен үндесетінін атап өтіп, еліміздің өзара тиімді әрі практикалық ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.