Евразия24ЖаңалықтарҚазақстандық боксшы Головкин Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде енгізілді

Қазақстандық боксшы Головкин Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде енгізілді

|

|

Астана. 15 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) ресми түрде қабылдануымен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи оқиға аңызға айналған отандасымыздың әлемдік спорттағы мұрасының ерекше маңызын, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы объективті бейнесі мен беделін нығайтуға қосқан зор үлесін айқын көрсететінін атап өтті», – деп жазды Смадияров дүйсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мемлекет басшысының айтуынша, Геннадий Головкин – Қазақстанның спорттық даңқының символы әрі халықаралық спорт қауымдастығындағы елдің лайықты өкілі.

«Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің үздік боксшыларының бірі саналатын Геннадий Головкиннің жетістік жолы алдағы уақытта да жас спортшыларды биік мақсаттарға ұмтылуға жігерлендіре беретініне сенім білдірді», – деді Смадияров.

Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына қабылдаудың салтанатты рәсімі 15 маусым күні АҚШ-тың Канастота қаласында өтті.

Ол осы мәртебеге ие болған Қазақстан мен Орталық Азия тарихындағы алғашқы спортшы атанды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.