Евразия24ЖаңалықтарГрузия премьер-министрі Қазақстанның І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Грузия премьер-министрі Қазақстанның І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

|

|

Астана. 29 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзені І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Ираклий Кобахидзені Қазақстанның досы, көреген көшбасшы әрі өз ісіне адал мемлекет қайраткері деп атады.

«Сіздің табанды басшылығыңыздың арқасында Грузия ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асырып, азаматтарының әл-ауқатын арттырып келеді. Сонымен қатар халықаралық беделін нығайтып, өңірдегі маңызды серіктес ретіндегі ұстанымын күшейтуде. Грузия алдағы уақытта да орнықты даму жолымен ілгерілеп, қуатты әрі өркендеген мемлекет ретінде жаңа белестерді бағындырады деп сенемін», – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Грузия арасындағы тарихи тамыры терең, ортақ мәдени құндылықтар мен ғасырлар бойы қалыптасқан достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың қазіргі деңгейіне жоғары баға берді.

«Қазақ халқы грузин халқының бай тарихы мен бірегей мәдениетіне ерекше құрметпен қарайды. Қазақстандағы грузин этномәдени қауымдастығы көпэтносты қоғамымыздың ажырамас бөлігі әрі екі ел арасындағы өзіндік алтын көпірге айналды. Соңғы жылдары екіжақты байланыстар жаңа серпін алды: саяси диалог жанданып, өзара сауда тұрақты өсіп келеді, ал экономикалық ынтымақтастық түрлі салаларда кеңейіп жатыр. Қазақстан мен Грузия халықаралық аренада да тиімді ынтымақтастық орнатып, маңызды халықаралық мәселелер бойынша бір-бірін дәйекті түрде қолдап келеді», – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Ираклий Кобахидзе оның қызметіне жоғары баға бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Грузия премьер-министрі Астанаға ресми сапармен келді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда ипотека алу жеңілдеуі мүмкін

Қазақстанда тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарна мөлшері төмендеуі мүмкін. Премьер-министр Олжас Бектенов осы бағытта тиісті тапсырма берді. Үкімет басшысы құрылыс саласындағы басты міндеттердің бірі жоспарланған 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді толық аяқтап, пайдалануға беру екенін атап өтті.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдетілмек

ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ведомство көлік құралдарын тіркеу және оларды басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыру қағидаларына өзгерістер әзірледі. «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін жеңілдетіп, оған кететін уақытты қысқарту. Осыған байланысты артық рәсімдер алынып тасталады.

Борышкерлердің құқығын қорғау: Қазақстан коллекторларға қойылатын талаптарды тағы да қатаңдатпақ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) коллекторлық агенттіктердің қызметіне жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұған қарыз алушылардан толассыз түсіп жатқан шағымдар себеп болған (https://bes.media/news/arrfr-gotovit-novye-ogranicheniya-dlya-kollektorov-posle-zhalob-dolzhnikov/ ). Тұтынушылық кредиттер бойынша берешекті коллекторларға сатуға енгізілген мораторийдің 2027 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылуы да мәселені шешпеген сыңайлы. Азаматтар коллекторлардың белгіленген уақыттан тыс хабарласатынына, рұқсат етілген байланыс санынан асып кететініне, сондай-ақ жұмыс берушілер мен таныстары арқылы психологиялық қысым көрсететініне шағымдануда. Заң талаптарын бұзған агенттіктер тексеріледі. Ал өрескел немесе жүйелі заңбұзушылықтарға жол бергендері арнайы тізілімнен шығарылуы мүмкін. Ендеше, коллекторларға қойылатын талаптардың кезекті рет қатаңдатылуы борышкерлердің жағдайына қалай әсер ететінін қарастырайық.

Шанхай мен Гонконг биржаларында акциялар қымбаттады, ал Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 5,5%-ға құлдырады

Сейсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор биржаларындағы сауда әртүрлі нәтижемен аяқталды. Қытай мен Гонконгтың негізгі индекстері аздап өсті, Австралия нарығында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Ал Жапонияда акциялар едәуір арзандап, Оңтүстік Кореяның Kospi индексі микрочип өндіруші компаниялар акцияларының құлдырауы салдарынан 5%-дан астам төмендеді.