Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанның Энергетика министрі жанар-жағармай нарығындағы ахуал тұрақты екенін мәлімдеді

Қазақстанның Энергетика министрі жанар-жағармай нарығындағы ахуал тұрақты екенін мәлімдеді

|

|

Астана. 4 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанның ішкі жанар-жағармай нарығындағы жағдай тұрақты, ал отандық мұнай өңдеу зауыттары жоспарлы режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов сенбі күні премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте мәлімдеді.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр елдегі жанар-жағармай нарығындағы ахуалдың тұрақты екенін баяндады.

«Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары жоспарлы режимде жұмыс істеп тұр. Елдегі бензин, дизель отыны және авиаотын қоры ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Энергетика министрлігі жанар-жағармай өндірісі мен жеткізілуін тұрақты бақылауда ұстап отыр», – делінген кеңес қорытындысы бойынша таратылған хабарламада.

Сонымен қатар Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жыл басынан бері автомобиль өткізу бекеттерінде мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің жалпы көлемі 40 мың литрден асатын 593 әрекетінің жолы кесілгенін айтты. Мұнай өнімдерін заңсыз шығаруға жол бермеу жөніндегі жол картасы аясында шекара маңындағы аудандарда бақылау күшейтіліп, тереңдетілген тексерулер жүргізу үшін қызметкерлер саны арттырылған.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов соңғы екі тәулікте өткізу бекеттерінде қосымша бактар мен канистрлерде үш тоннадан астам жанар-жағармайды заңсыз әкетуге бағытталған 61 әрекеттің тоқтатылғанын хабарлады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік кірістер органдары қызмет көлемінің қалыптан тыс өсуі тіркелген 62 жанармай құю станциясы мен 22 шағын мұнай өңдеу зауытының қызметіне талдау жүргізіп жатыр. Аталған нысандарда тексерулер ұйымдастырылады.

Кеңес қорытындысында премьер-министр Олжас Бектенов мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үкіметтің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Ол мемлекеттік органдарға жағдайды күн сайын бақылауда ұстауды тапсырды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Келешектің» болашағы қандай?

Ұлттық байлықтың игілігін болашақ ұрпақпен бөлісу – дұрыс әрі әділетті идея. Бірақ кез келген ауқымды әлеуметтік бастама  ерте ме, кеш пе бюджеттің қатаң есепке тіреледі: қанша қаражат қажет, ол қайдан алынады және мемлекет қабылдаған міндеттемені 10–20 жылдан кейін де орындай ала ма? Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары қатар жұмыс істейді. Екеуінің де түпкі мақсаты ұқсас – баланың болашағына капитал қалыптастыру. Сондықтан ендігі мәселе – осы екі тетікті бір-бірінен бөлек ұстай беру керек пе, әлде оларды бір тиімді жүйеге біріктіруге бола ма? Спойлер ретінде айта кетейік: шешім табылды, ол күрделі пайыздың сиқырында және үшінші бала дүниеге келгенде отбасыларды қолдауда жатыр.

Тоқаев Каспийдің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы елдерін күш біріктіруге шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы мемлекеттерінің басшыларын күш біріктіруге шақырды.

Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Азия қор индекстері өсті

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері негізінен өсті.Оңтүстік Корея нарығы мемлекеттік мерекеге байланысты жұмыс істемеді.