Евразия24ЖаңалықтарТоқаев АҚШ-пен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайтуға дайын екенін растады

Тоқаев АҚШ-пен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайтуға дайын екенін растады

|

|

Астана. 4 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трампқа ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай жолдаған құттықтау жеделхатында Тоқаев Трамптың Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамуына қосқан жеке үлесін атап өтіп, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

Мемлекет басшысы бұл күннің тарихи маңызына ерекше тоқталып, оны Америка халқының еркіндік, теңдік және әділеттілік қағидаттарына адалдығының символы деп атады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа мемлекеттік қызметінде табыс, ал АҚШ халқына бақ-береке мен өсіп-өркендеу тіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Келешектің» болашағы қандай?

Ұлттық байлықтың игілігін болашақ ұрпақпен бөлісу – дұрыс әрі әділетті идея. Бірақ кез келген ауқымды әлеуметтік бастама  ерте ме, кеш пе бюджеттің қатаң есепке тіреледі: қанша қаражат қажет, ол қайдан алынады және мемлекет қабылдаған міндеттемені 10–20 жылдан кейін де орындай ала ма? Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары қатар жұмыс істейді. Екеуінің де түпкі мақсаты ұқсас – баланың болашағына капитал қалыптастыру. Сондықтан ендігі мәселе – осы екі тетікті бір-бірінен бөлек ұстай беру керек пе, әлде оларды бір тиімді жүйеге біріктіруге бола ма? Спойлер ретінде айта кетейік: шешім табылды, ол күрделі пайыздың сиқырында және үшінші бала дүниеге келгенде отбасыларды қолдауда жатыр.

Тоқаев Каспийдің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы елдерін күш біріктіруге шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы мемлекеттерінің басшыларын күш біріктіруге шақырды.

Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Азия қор индекстері өсті

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері негізінен өсті.Оңтүстік Корея нарығы мемлекеттік мерекеге байланысты жұмыс істемеді.