Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда газ өндіру көлемі 2026 жылы 64,5 млрд текше метр болады деп...

Қазақстанда газ өндіру көлемі 2026 жылы 64,5 млрд текше метр болады деп жоспарланып отыр

|

|

Астана. 7 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда 2026 жылдың қорытындысы бойынша 64,5 млрд текше метр газ өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің Үкімет отырысында таныстырған презентациясында айтылғанын «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі хабарлады.

Презентацияға сәйкес, 2026 жылға арналған жоспарлы көрсеткіш – 64,5 млрд текше метр.

2025 жылы Қазақстанда 68,2 млрд текше метр газ өндірілген. Осылайша, биылғы жылы газ өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,4%-ға төмендейді деп күтілуде.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы бес айында нақты өндірілген газ көлемі 25,9 млрд текше метрді құрады.

Есепті кезеңде тауарлық газ өндірісі 10 млрд текше метр болды. Жыл қорытындысында бұл көрсеткішті 27,4 млрд текше метрге жеткізу жоспарланған. Бұл 2025 жылғы өндіріс көлемімен бірдей.

Сұйытылған газ өндірісі алғашқы бес айда 850 мың тоннаны құрады. Жыл соңына дейін оны 3 млн тоннаға жеткізу көзделген. Бұл да 2025 жылғы деңгейге сәйкес келеді.

Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылы тауарлық газды тұтыну 4,6%-ға өсіп, 22,6 млрд текше метрге жетеді. 2025 жылы бұл көрсеткіш 21,6 млрд текше метр болған. Ал биылғы жылдың алғашқы бес айында тауарлық газ тұтыну көлемі 10,9 млрд текше метрді құрады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда 300 мыңға жуық кәсіпорын жабылуы мүмкін

«Өткен жылы жаңа Салық кодексі талқыланған кезде 300 мыңға дейін кәсіпорын мен жеке кәсіпкер жұмысын тоқтатуы мүмкін деп болжаған едім.

Агрессияның артуына не себеп?

Алматыда 20 тамыз күні №33 бағыттағы автобуста болған жанжал жолаушылар үшін қауіпті жағдайға ұласа жаздады. Екі ер адам арасындағы сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан.

Таң атқанда олар оянды…

Сонымен, Құрылтай сайлауы аяқталды. Ендігі кезекте Үкімет жасақталып, вице-президент пен Халық Кеңесі құрылады. Осымен мемлекеттік билік жүйесін Конституцияға сәйкес қайта құру үдерісі негізінен аяқталмақ. Алда тағы бір кезектен тыс сайлау өтуі де ғажап емес. Бірақ оның болу-болмауы әлемдегі геосаяси ахуалдың қалай өрбитініне және жаңа Үкіметтің жұмысы қаншалықты нәтижелі болатынына байланысты. Сондықтан енді сыртқы факторларды емес, Қазақстан экономикасының өз ішінде қордаланған мәселелерге назар аударайық.Әңгімені сайлауда дауыс берген азаматтардың тұрмысынан бастайық. Бірінші тоқсандағы дерек бойынша, Қазақстандағы отбасы бюджетінің орташа есеппен 48,6%-ы азық-түлікке жұмсалған . Бұл көрсеткіште аз да болса оң өзгеріс бар – азық-түлік шығыны жалпы бюджеттің жартысынан төмендеген. Ақылы қызметтердің үлесі 21,7%-ға жетіп, айтарлықтай өскен. Оның едәуір бөлігі тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тиесілі. Несие төлемдеріне отбасылық табыстың 7,6%-ы жұмсалады, бұл көрсеткіш те артқан. Нәтижесінде киім-кешек пен аяқкиімге, дәрі-дәрмекке, білім алуға, жол жүруге және өзге де қажеттіліктерге бюджеттің небәрі 19,9%-ы қалады. Демек, өзге қажеттіліктерге отбасы бюджеті жетпейді.

Жасанды интеллект қылмысты әшкерелеуге мүмкіндік береді

«Алматыда Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың «Болашақтағы тәуекелдер мен қатерлер» тақырыбындағы форумы өтті.