Евразия24ЖаңалықтарКаспийдегі Қашаған мен Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыттарын 2030 жылға дейін іске қосу...

Каспийдегі Қашаған мен Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыттарын 2030 жылға дейін іске қосу жоспарланып отыр

|

|

Астана. 7 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қашаған кен орнындағы жылдық қуаты 2,5 млрд текше метр болатын екінші газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) және Қарашығанақтағы жылдық қуаты 5 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын 2030 жылға дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында мәлімдеді.

«2030 жылға қарай Қашаған кен орнында жылына 2,5 млрд текше метр газ өңдейтін газ өңдеу зауытын, сондай-ақ Қарашығанақта жылына 5 млрд текше метр газ өңдейтін газ өңдеу зауытын іске қосу көзделіп отыр. Бұл жобалар газ өңдеу көлемін ұлғайтуға, газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге және өңірлерді тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Ақкенженов.

Министрдің айтуынша, 2027 жылы Қашағандағы жылдық қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты мен Жаңаөзендегі жылдық қуаты 0,9 млрд текше метр болатын ҚазГӨЗ-ді пайдалануға беру жоспарланған.

Еске салсақ, Қашаған кен орнында жылына 2,5 млрд текше метр газ өңдейтін екінші газ өңдеу зауытын салу жобасының EPC-мердігері ретінде China National Chemical Engineering Sixth Construction Company Kazakhstan Branch және China Wuhuan Engineering Corporation Ltd. компанияларынан құралған консорциум анықталған.

Ал Қашағандағы жылдық қуаты 1 млрд текше метр болатын алғашқы газ өңдеу зауытының құрылысын қазіргі уақытта QazaqGaz ұлттық компаниясы жүргізіп жатыр.

Қарашығанақтағы газ өңдеу зауытының EPC-мердігері ретінде бұған дейін Hyundai Engineering Co., Ltd. және SICIM Kazakhstan LLP компанияларынан құралған консорциум белгіленген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда 300 мыңға жуық кәсіпорын жабылуы мүмкін

«Өткен жылы жаңа Салық кодексі талқыланған кезде 300 мыңға дейін кәсіпорын мен жеке кәсіпкер жұмысын тоқтатуы мүмкін деп болжаған едім.

Агрессияның артуына не себеп?

Алматыда 20 тамыз күні №33 бағыттағы автобуста болған жанжал жолаушылар үшін қауіпті жағдайға ұласа жаздады. Екі ер адам арасындағы сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан.

Таң атқанда олар оянды…

Сонымен, Құрылтай сайлауы аяқталды. Ендігі кезекте Үкімет жасақталып, вице-президент пен Халық Кеңесі құрылады. Осымен мемлекеттік билік жүйесін Конституцияға сәйкес қайта құру үдерісі негізінен аяқталмақ. Алда тағы бір кезектен тыс сайлау өтуі де ғажап емес. Бірақ оның болу-болмауы әлемдегі геосаяси ахуалдың қалай өрбитініне және жаңа Үкіметтің жұмысы қаншалықты нәтижелі болатынына байланысты. Сондықтан енді сыртқы факторларды емес, Қазақстан экономикасының өз ішінде қордаланған мәселелерге назар аударайық.Әңгімені сайлауда дауыс берген азаматтардың тұрмысынан бастайық. Бірінші тоқсандағы дерек бойынша, Қазақстандағы отбасы бюджетінің орташа есеппен 48,6%-ы азық-түлікке жұмсалған . Бұл көрсеткіште аз да болса оң өзгеріс бар – азық-түлік шығыны жалпы бюджеттің жартысынан төмендеген. Ақылы қызметтердің үлесі 21,7%-ға жетіп, айтарлықтай өскен. Оның едәуір бөлігі тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тиесілі. Несие төлемдеріне отбасылық табыстың 7,6%-ы жұмсалады, бұл көрсеткіш те артқан. Нәтижесінде киім-кешек пен аяқкиімге, дәрі-дәрмекке, білім алуға, жол жүруге және өзге де қажеттіліктерге бюджеттің небәрі 19,9%-ы қалады. Демек, өзге қажеттіліктерге отбасы бюджеті жетпейді.

Жасанды интеллект қылмысты әшкерелеуге мүмкіндік береді

«Алматыда Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың «Болашақтағы тәуекелдер мен қатерлер» тақырыбындағы форумы өтті.