Евразия24ЖаңалықтарТоқаев мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарын орындау тәртібін бекітетін заңға қол...

Тоқаев мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарын орындау тәртібін бекітетін заңға қол қойды

|

|

Астана. 8 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Құжаттың мәтіні сәрсенбі күні ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Заңның негізгі нормалары техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін, кәсіби біліктіліктерді жетілдіруге, сондай-ақ көші-қон саясатын реттеуге бағытталған.

Заңды қарау барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қосымша нормалар да енгізілді. Сонымен қатар елде қолданылатын медициналық газдарды құқықтық реттеу мақсатында «медициналық газ» ұғымы енгізіліп, оны мемлекеттік тіркеу талаптары және медициналық емес мақсатта пайдалануға тыйым салу көзделді.

Түзетулердің тағы бір блогы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қызмет тәртібін заңнамалық деңгейде айқындайды. Сондай-ақ салымшының өтініші бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық басқаруына беру тәртібі нақтыланды.

Бұдан бөлек, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасын белгілеу, оның орындалуын мониторингтеу және бағалау қағидалары бекітілді. Сондай-ақ субсидияланатын жұмыс орындарына қатысушылардың жалақысының мемлекет субсидиялайтын бөлігін Еңбек мобильділігі орталықтары арқылы төлеу тетігі енгізіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Уақытша ұстау изоляторынан қашқан азаматқа тағы бір жаза тағайындалды

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында мас күйінде көлік жүргізгені үшін сотталған азамат полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан қашуға әрекеттенді. Ол изолятордан шығып үлгергенімен, бостандықта ұзақ жүре алмады – сол күні-ақ ұсталды.

Үлкен Еуразия жобасындағы Қазақстанның орны

Қазақстан Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқанына қарамастан, ел үшін еуразиялық интеграцияның маңызын және оған балама жоқ екенін әлі де түсіндіруге тура келеді. Өйткені «еуразиялық жоба» табысты жүзеге асса, одан экономикалық әрі саяси тұрғыдан ең көп пайда көретін елдердің бірі – Қазақстан. Ал жоба сәтсіздікке ұшыраса, оның негізгі салмағы да Қазақстанға түсуі мүмкін.

Конституциялық сот БАҚ-қа талап қоюдың бір жылдық мерзімін заңды деп таныды

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарына қойылатын талаптар бойынша белгіленген бір жылдық талап қою мерзіміне қатысты нормаға дау айтылды. Бұл туралы Конституциялық сот хабарлады. «Конституциялық сот Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» заңының 38-бабы 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қарады.

2027 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақылар жаңа тәртіппен тағайындалады

Премьер-министр Олжас Бектенов жәрдемақылардың тізбесін, оларды тағайындау, төлеуді тоқтата тұру, қайта жалғастыру және тоқтату шарттарын, сондай-ақ жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау талаптарын бекіту туралы қаулыға қол қойды.