Евразия24Таңдаулы жаңалықтар«Байтақ» Құрылтайға үміткерлерін ұсынды

«Байтақ» Құрылтайға үміткерлерін ұсынды

|

|

«Байтақ» жасылдар партиясының хабарлауынша, Астанада Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының кезектен тыс V съезі өтті. Делегаттар партия жарғысына енгізілетін өзгерістерді, сайлауалды бағдарламаны және Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін бекітті «Іріктеу қорытындысы бойынша партиялық тізімге 51 кандидат енді. Бұл тізімде бір қызметтен екіншісіне ауысып жүрген шенеуніктер жоқ екенін ерекше атап өткім келеді. Мұнда экологтар, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер мен еріктілер бар. Олар сайлау жарияланбай тұрып-ақ орман өрттерін сөндіріп, өзен-көл жағалауларын тазалап, халықпен тікелей жұмыс істеген азаматтар. Тізімнің үштен бірін әйелдер мен жастар құрайды. Бұл – жай ғана квотаны орындау емес, партиямыздың шынайы келбеті», – деді партия төрағасы Азаматхан Әміртаев.

Еуразия24 пікірі:

Ендеше, Парламентте әлі өкілдігі болмаған «Байтақ» партиясы ұсынған үміткерлер кімдер?

Партияның кандидаттар тізімін оның төрағасы Азаматхан Әміртаев бастап тұр. Еске салсақ, ол 2023 жылы Мәжіліс сайлауында бірмандатты округ бойынша бақ сынағанымен, депутаттық мандатқа ие бола алмады.

Партия ұсынған үміткерлердің құрамы сан алуан. Олардың арасында инженерлер, дәрігерлер, бұрынғы прокурорлар мен полиция қызметкерлері бар. Экологияны басты бағыты ретінде ұстанатын саяси ұйым үшін мұндай құрам біршама ерекшелеу көрінеді.
Baytaq партиясы ұсынған 51 кандидаттың ішінде елге кеңінен танылған тұлғалар көп емес.

Солардың бірі – Жайық–Каспий бассейндік инспекциясының бұрынғы басшысы Бақыт Каметов. Экология саласында көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ол бүгінде Атырау облыстық мәслихатының депутаты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропада аптап ыстықтан 50 мыңнан астам адам көз жұмды

2026 жылдың жазында Еуропаның 900-ге жуық қаласында аптап ыстықтың салдарынан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Лондон Империялық колледжінің Грэнтэм институты жариялаған баяндамада айтылған.

Алдағы уақытта келіссөздерге Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін

Қарашаның бірінші жартысында Абу-Дабиде өтуі жоспарланған Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздер үшжақты форматта ұйымдастырылады. Алайда алдағы уақытта қауіпсіздік мәселелерін талқылауға Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Тайваньда «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Тайвань аралына жақындап келе жатқан «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы жұма күні Азияның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

NVIDIA басшысы Қазақстанды физикалық жасанды интеллекттің әлемдік орталығына айналдыруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы Дженсен Хуангты қабылдады. Бұл туралы жұма күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.