Евразия24Не болдыКінәсіз деп танылды

Кінәсіз деп танылды

|

|

Атырау облысының Жангелдин ауылында 2025 жылы болған жан түршігерлік оқиға көпшіліктің есінде. Сол кезде жергілікті тұрғын Сұлтан Сәрсемәлиев әйелінің бүкіл отбасын – ата-анасын, бауыры мен сіңілсін өлтірген болатын.

Деректерге сәйкес, Сәрсемәлиевпен бірге оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева да қылмыс туралы хабарламағаны үшін заң алдында жауап беруі тиіс еді. Айта кетейік, екеуі де 2026 жылы наурызда Индонезияда тергеуден жасырынып жүрген жерінен ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған болатын.

«Атырау облысының прокуратурасы төрт бірдей туысының өліміне қатысты көпшілік назарын аударған іс бойынша қылмыс туралы хабарламады деген күдікке ілінген Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық істі тоқтатты», – деп хабарлайды CMN.KZ.

Қылмыстық істі тоқтатуға қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауы негіз болған.

Басылымның Атырау облысы прокурорының көмекшісіне сілтеме жасап хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында әйелдің әрекеттерінен кінә дәлелденбеген.
Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, экстрадициядан кейін Ақбаян Мұқанғалиева Атырау мен Алматы қалаларында бірнеше рет сот-психиатриялық сараптамадан өткен. Алайда мамандар оның психикалық жай-күйіне қатысты бірыңғай қорытындыға келе алмаған. Осыған байланысты ол қазіргі уақытта Атырауда ем қабылдап жатыр.

Әйелдің расымен де психикалық денсаулығына байланысты мәселелері болуы әбден мүмкін. Өйткені жұбайына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау сұралған, өз отбасының түгелге жуық мүшесі қаза тапқан мұндай қайғылы оқиғаны бастан өткеріп, психологиялық тұрғыдан ауыр зардап шекпеу кез келген адам үшін оңай емес. Оның үстіне ол сотталушының жұбайы ретінде онымен он жыл отбасылық өмір сүрген.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығына геосаяси ахуал әсер етті

Дүйсенбі күнгі саудада АҚШ қор нарығы индекстерінің қозғалысы әркелкі.

Крикет жұлдыздары түрмедегі Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті

Крикет командаларының бұрынғы капитандары Алистер Кук, Капил Дев, Адам Гилхрист және бірқатар танымал спортшы қамауда отырған Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі әрі экс-крикетші Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті. Олар Пәкістан билігін оның денсаулығын толық әрі тәуелсіз тексеруге шақырды, деп хабарлайды Sky News.

Қытай әуедегі нысандарды алыстан жоюға арналған гипердыбыстық қару әзірледі

Қытай әуе нысандарына қарсы зымырандарды алып жүріп, оларды алыс қашықтықтан ұшыруға мүмкіндік беретін гипердыбыстық маневрлі жауынгерлік блок технологиясын әзірледі. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған Bloomberg хабарлады.

Тоқаев Құрылтай сайлауына байланысты құттықтау жолдаған шетелдік әріптестеріне алғыс айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының өтуіне байланысты құттықтау жолдаған Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Тәжікстан басшыларына алғыс білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.