Евразия24ЖаңалықтарКонгода Эбола індетінен көз жұмғандар саны 864 адамға жетті

Конгода Эбола індетінен көз жұмғандар саны 864 адамға жетті

|

|

Мадрид. 18 шілде. ИНТЕРФАКС – Конго Демократиялық Республикасының билігі Эбола вирусын жұқтыру салдарынан қайтыс болғандар саны 864 адамға жеткенін хабарлады.

Сенбі күні EFE агенттігі таратқан ресми дерекке сәйкес, елде вирус жұқтырған 2181 жағдай расталған. 722 науқас ауруханаға жатқызылып, 412 адам сауығып шыққан. Қазіргі уақытта өлім-жітім деңгейі 39,6%-ды құрайды.

Қазір індет Конгоның шығысындағы Итури провинциясын, яғни эпидемия ошағын, сондай-ақ Солтүстік және Оңтүстік Киву, Жоғарғы Уэле және Чопо провинцияларын қамтыды.

«Аурудың таралуын тежеу мақсатында жедел әрекет ету топтары эпидемиологиялық бақылауды, ерте диагностиканы, науқастарға медициналық көмек көрсетуді және олармен байланыста болған адамдарды анықтау жұмыстарын кеңейтуде», – делінген Конго билігінің мәлімдемесінде.

Вирус жұқтыру деректерінің саны бойынша Итури провинциясы әлі де алдыңғы орында тұр.

Індет бұған дейін таралған көршілес Угандада бейсенбі күні Эбола вирусын жұқтырған соңғы науқас ауруханадан шығарылды. Бұл елде барлығы 20 расталған жағдай тіркеліп, екі науқас қайтыс болған.

Эбола індетінің өршуі 15 мамырда Уганда және Оңтүстік Суданмен шектесетін Конгоның Итури провинциясында ресми түрде жарияланған еді. Кейін індет Конгоның басқа провинцияларына, сондай-ақ Уганда аумағына таралды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Экспорттың қарқынды өсуі ішкі нарыққа қалай әсер етеді?

Сауда және интеграция министрлігі  ерекше жаңалық жариялады. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан экспорты рекордтық қарқынмен өсіп, өсім көрсеткіші импорттан төрт еседен астам жоғары болған. Бұл өсімге негізінен агроөнеркәсіп кешені серпін берген. Күнбағыс майы, астық, ұн және зығыр экспорты бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Алайда дүкен сөрелеріне көз салсақ, аталған өнімдердің шетелден әкелінген түрлері де аз емес. Алайда отандық азық-түліктің шетелге көптеп шығарылуы ішкі нарықта тапшылық тудырып, бағаның негізсіз қымбаттауына және импорттық өнімдердің көбеюіне әкеліп соқпай ма? Оның үстіне, мемлекет соңғы екі жылдан бері азық-түлік инфляциясын тежеу шараларын белсенді түрде жүргізіп келеді. Ұлттық статистика бюросы,

Қазақстан ШЫҰ отырысында бірқатар бастама көтерді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдерді сауда байланыстарын нығайтуға, көлік дәліздерін дамытуға және цифрлық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Бұл бастамалар Душанбеде өткен ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысында ұсынылды.

Жасөспірімдерге төнген қауіп: экстремистік ағымдардың арбау тәсілдері

Жасөспірімді теріс ағымға тарту үшін міндетті түрде агрессивті ұрандар қолданылмайды. Бәрі бір қарағанда еш күдік тудырмайтын орман көрінісінен, жаттығу туралы бейнероликтен, дұрыс тамақтану жөніндегі кеңестен немесе ежелгі дәстүрлер жайлы материалдан басталуы мүмкін.

Есірткі ісі бойынша ұсталған Navai Қазақстаннан шығарылды

Бір апта бұрын біз Жамбыл облысында ресейлік рэпер Наваи Бакировтың есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға және сақтауға қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Алайда істің соңы біз күтпеген бағытта өрбіді.