Евразия24ЖаңалықтарҚытай мен Аустралия қор нарықтары өссе, Оңтүстік Кореяда төмендеу байқалды

Қытай мен Аустралия қор нарықтары өссе, Оңтүстік Кореяда төмендеу байқалды

|

|

Бейжің. 20 шілде. ИНТЕРФАКС – Дүйсенбі күнгі сауда барысында Азия-Тынық мұхиты өңірінің негізгі қор индекстері негізінен өсім көрсетті. Тек Оңтүстік Кореяның акциялар нарығы төмендеді.

Жапонияда мемлекеттік мерекеге байланысты қор биржалары жұмыс істемеді.

Мәскеу уақытымен сағат 08:30-дегі жағдай бойынша Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,6%-ға, ал Гонконгтың Hang Seng индексі 2,1%-ға көтерілді.

Қытай Халық банкі бір жылдық несиелер бойынша базалық мөлшерлемені (LPR) жылдық 3% деңгейінде сақтап қалды. Бес жылдық несиелер бойынша мөлшерлеме де өзгеріссіз қалып, 3,5%-ды құрады. Осылайша екі мөлшерлеме де қатарынан 14 ай бойы тарихи ең төменгі деңгейінде тұр.

Осы жаңалықтан кейін Шанхай қор биржасында банк акциялары қымбаттады. Атап айтқанда, ICBC акциялары 1,5%-ға, Agricultural Bank of China – 2,5%-ға, China Construction Bank 2,2%-ға өсті.

Гонконг қор биржасында мұнай-газ секторындағы компаниялар өсім көшін бастады. CNOOC акцияларының бағасы 6,5%-ға, PetroChina – 4,1%-ға көтерілді. Сондай-ақ түсті металл өндірушілер Aluminum Corp. of China мен CMOC Group акциялары тиісінше 5,4% және 4,5%-ға, интернет-ритейлер Alibaba – 4,9%-ға, спорттық тауарлар өндірушісі Anta Sports Products 3,9%-ға қымбаттады.

Интернет-компаниялар арасында Meituan акциялары 3,8%-ға, Tencent – 3,6%-ға, Baidu – 2,7%-ға өсті. Электроника өндірушісі Xiaomi қағаздары 1,9%-ға, жартылай өткізгіш өндіруші Semiconductor Manufacturing International Corp. акциялары 3,7%-ға көтерілді.

Ең көп төмендеген акциялар қатарында бөтелкедегі ауызсу өндірушісі Nongfu Spring мен энергетикалық активтерді басқаратын Power Assets Holdings болды. Олардың бағасы 2,7%-ға арзандады.

Мәскеу уақытымен сағат 08:25-тегі жағдай бойынша Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 4,5%-ға төмендеп, соңғы үш айдағы ең төменгі деңгейіне жетті.

Pantheon Macroeconomics компаниясының аға экономисі Кельвин Ламның пікірінше, инвесторлар жасанды интеллектке бағытталған күрделі инвестицияларға ұзақ мерзімді сұраныстың тұрақтылығын қайта бағалап жатыр. Сондықтан деректерді өңдеу орталықтарына арналған жады микросхемаларын шығаратын Оңтүстік Корея нарығы инвесторлардың көңіл күйіндегі өзгерістерге анағұрлым сезімтал.

Citi сарапшылары да сауда-саттықтағы белгісіздікке байланысты Оңтүстік Корея қор нарығына қатысты ұсынымын «нарықтан жоғары» деңгейден «бейтарап» деңгейге дейін төмендетті.

Нәтижесінде Samsung Electronics акциялары 4,1%-ға, SK Hynix – 3%-ға, Hyundai Motor – 6,2%-ға, Posco – 3,4%-ға, Korea Zinc – 7,8%-ға, LG Energy Solution – 4,3%-ға, ал KB Financial Group акциялары 8,1%-ға арзандады.

Аустралияның S&P/ASX 200 индексі 0,1%-ға өсті.

Әлемдегі ең ірі тау-кен компаниясы BHP акцияларының бағасы 0,2%-ға көтерілсе, оның бәсекелесі Rio Tinto қағаздары 1%-ға төмендеді.

Мұнай-газ секторында Woodside Energy акциялары 1,7%-ға, Santos акциялары 1,5%-ға қымбаттады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Lockheed Martin Patriot кешеніне арналған арзанырақ жаңа тосқауыл зымырандарын әзірлеуді жоспарлап отыр

Lockheed Martin корпорациясы АҚШ пен Еуропадағы серіктестерімен бірлесіп Patriot зениттік-зымыран кешендеріне (ЗЗК) арналған жаңа тосқауыл зымырандарын әзірлеуді жоспарлап отыр. Financial Times (FT) басылымының хабарлауынша, олардың құны қазіргі үлгілерден екі еседен астам арзан болады.

Си Цзиньпиннің АҚШ-қа қыркүйекке жоспарланған мемлекеттік сапары әзірге өзгеріссіз қалды

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Вашингтонға мемлекеттік сапары бұрынғыдай қыркүйек айына жоспарланған. АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайды америкалық сайлауға араласуға тырысты деп айыптаған мәлімдемелерінен кейін де бұл жоспарға өзгеріс енгізілген жоқ.

Иран келіссөздерді әскери басымдыққа қол жеткізгеннен кейін ғана қарастыруы мүмкін

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи ел әскери майданда стратегиялық басымдыққа қол жеткізгеннен кейін ғана АҚШ-пен қақтығысты келіссөз арқылы реттеу мүмкіндігін қарастыруы ықтимал екенін мәлімдеді.

Қашағандағы күкірт дауы және Қазақстанның болашағы

Осылайша, кезекті аптаны ашатын редакциялық мақала 20 шілдеде, яғни Қашаған кен орнын игеретін NCOC мұнай консорциумына салынған 2 триллион 300 миллиард теңге көлеміндегі айыппұлды ерікті түрде төлеуге белгіленген мерзім аяқталған күні жарияланып отыр. Бұл айыппұлды Атырау облысының Экология департаменті күкіртті рұқсат етілген көлемнен артық сақтағаны үшін салған болатын. Кейін аталған шешім барлық сот сатыларында заңды күшінде қалдырылды. Енді бұл мерзім де аяқталды. Алайда айыппұлдың ерікті түрде төленуі екіталай. Оның үстіне, аталған күн қарсаңында халықаралық коммерциялық арбитраж (UNCITRAL) істі түпкілікті қарау аяқталғанға дейін Қазақстанға бұл қаражатты мәжбүрлеп өндіріп алуға тыйым салатын қамтамасыз ету туралы қаулы шығарды. Аталған қаулы күкіртті сақтау мәселесіне қатысты Қазақстанның ұлттық соттарындағы даулар кезеңін аяқтап, осы мәселе бойынша халықаралық арбитраж деңгейіндегі жаңа құқықтық талқылаудың басталуына негіз қалап отыр.