Евразия24ЖаңалықтарҚытай мен Аустралия қор нарықтары өссе, Оңтүстік Кореяда төмендеу байқалды

Қытай мен Аустралия қор нарықтары өссе, Оңтүстік Кореяда төмендеу байқалды

|

|

Бейжің. 20 шілде. ИНТЕРФАКС – Дүйсенбі күнгі сауда барысында Азия-Тынық мұхиты өңірінің негізгі қор индекстері негізінен өсім көрсетті. Тек Оңтүстік Кореяның акциялар нарығы төмендеді.

Жапонияда мемлекеттік мерекеге байланысты қор биржалары жұмыс істемеді.

Мәскеу уақытымен сағат 08:30-дегі жағдай бойынша Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,6%-ға, ал Гонконгтың Hang Seng индексі 2,1%-ға көтерілді.

Қытай Халық банкі бір жылдық несиелер бойынша базалық мөлшерлемені (LPR) жылдық 3% деңгейінде сақтап қалды. Бес жылдық несиелер бойынша мөлшерлеме де өзгеріссіз қалып, 3,5%-ды құрады. Осылайша екі мөлшерлеме де қатарынан 14 ай бойы тарихи ең төменгі деңгейінде тұр.

Осы жаңалықтан кейін Шанхай қор биржасында банк акциялары қымбаттады. Атап айтқанда, ICBC акциялары 1,5%-ға, Agricultural Bank of China – 2,5%-ға, China Construction Bank 2,2%-ға өсті.

Гонконг қор биржасында мұнай-газ секторындағы компаниялар өсім көшін бастады. CNOOC акцияларының бағасы 6,5%-ға, PetroChina – 4,1%-ға көтерілді. Сондай-ақ түсті металл өндірушілер Aluminum Corp. of China мен CMOC Group акциялары тиісінше 5,4% және 4,5%-ға, интернет-ритейлер Alibaba – 4,9%-ға, спорттық тауарлар өндірушісі Anta Sports Products 3,9%-ға қымбаттады.

Интернет-компаниялар арасында Meituan акциялары 3,8%-ға, Tencent – 3,6%-ға, Baidu – 2,7%-ға өсті. Электроника өндірушісі Xiaomi қағаздары 1,9%-ға, жартылай өткізгіш өндіруші Semiconductor Manufacturing International Corp. акциялары 3,7%-ға көтерілді.

Ең көп төмендеген акциялар қатарында бөтелкедегі ауызсу өндірушісі Nongfu Spring мен энергетикалық активтерді басқаратын Power Assets Holdings болды. Олардың бағасы 2,7%-ға арзандады.

Мәскеу уақытымен сағат 08:25-тегі жағдай бойынша Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 4,5%-ға төмендеп, соңғы үш айдағы ең төменгі деңгейіне жетті.

Pantheon Macroeconomics компаниясының аға экономисі Кельвин Ламның пікірінше, инвесторлар жасанды интеллектке бағытталған күрделі инвестицияларға ұзақ мерзімді сұраныстың тұрақтылығын қайта бағалап жатыр. Сондықтан деректерді өңдеу орталықтарына арналған жады микросхемаларын шығаратын Оңтүстік Корея нарығы инвесторлардың көңіл күйіндегі өзгерістерге анағұрлым сезімтал.

Citi сарапшылары да сауда-саттықтағы белгісіздікке байланысты Оңтүстік Корея қор нарығына қатысты ұсынымын «нарықтан жоғары» деңгейден «бейтарап» деңгейге дейін төмендетті.

Нәтижесінде Samsung Electronics акциялары 4,1%-ға, SK Hynix – 3%-ға, Hyundai Motor – 6,2%-ға, Posco – 3,4%-ға, Korea Zinc – 7,8%-ға, LG Energy Solution – 4,3%-ға, ал KB Financial Group акциялары 8,1%-ға арзандады.

Аустралияның S&P/ASX 200 индексі 0,1%-ға өсті.

Әлемдегі ең ірі тау-кен компаниясы BHP акцияларының бағасы 0,2%-ға көтерілсе, оның бәсекелесі Rio Tinto қағаздары 1%-ға төмендеді.

Мұнай-газ секторында Woodside Energy акциялары 1,7%-ға, Santos акциялары 1,5%-ға қымбаттады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстан қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттар салуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

ЕО елдері одақты кеңейту үдерісін жандандыру жолдарын талқылауда

Жұма күні Дублинде өтіп жатқан ЕО-ның Жалпы мәселелер жөніндегі бейресми кеңесінде одақты кеңейту үдерісінде қалыптасқан тоқыраудан шығу жолдары бірнеше айдан бері алғаш рет кеңінен талқыланып жатыр, деп жазды Politico.

Әлемдік нарықта азық-түлік бағасы өсті

Әлемдік азық-түлік бағасы тамызда шілдемен салыстырғанда 1,9%-ға өсті. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ай сайынғы шолуында айтылған.

Хуситтер Йеменнің Таиз провинциясындағы бірқатар аумақты бақылауына алды

Йеменнің үкімет әскері елдің оңтүстік-батысындағы Таиз провинциясында бірқатар аумақты хуситтерге беріп қойды. Бұл аймақта түні бойы шайқас жүрді, деп хабарлады «Әл-Жазира» телеарнасы.