Евразия24ЖаңалықтарНАТО-ның жоғары әскери қолбасшылығы штабында тыңшылық жасады деген күдікпен әйел ұсталды

НАТО-ның жоғары әскери қолбасшылығы штабында тыңшылық жасады деген күдікпен әйел ұсталды

|

|

Брюссель. 25 шілде. ИНТЕРФАКС – Бельгияда НАТО-ның Еуропадағы Біріккен қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшылығының (SHAPE) штаб-пәтерінде тағылымдамадан өтіп жүрген әйел тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сенбі күні RTBF телеарнасы хабарлады.

Бельгияның Федералдық прокуратурасының мәліметінше, Қытайдан шыққан, Канада азаматы болып саналатын күдікті үшінші бір мемлекеттің пайдасына тыңшылық жасады және қылмыстық ұйымға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Тергеу деректеріне сәйкес, Монс қаласының маңында орналасқан SHAPE қауіпсіздік қызметі күдіктіге қатысты күмәнді жайттарды байқап, бұл туралы Бельгияның Барлау және қауіпсіздік бас басқармасына (SGRS) хабарлаған.

Осыдан кейін тыңшылық істеріне жауапты Федералдық прокуратураға ақпарат беріліп, тергеу Шарлеруа қаласының Федералдық сот полициясына тапсырылған. Күдіктіге тыңшылық және қылмыстық ұйымға қатысу баптары бойынша іс қозғалды.

Бейсенбі күні полиция күдіктінің үйінде және SHAPE штабындағы жұмыс орнында тінту жүргізді. Келесі күні тергеу судьясы оны қамауға алу туралы ордер шығарған.

RTBF мәліметінше, тергеу әлі жалғасып жатыр. Осыған байланысты Федералдық прокуратура тергеу мүддесіне сәйкес әзірге қосымша ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.