Евразия24ЖаңалықтарПутин мен Тоқаев Омбыда жеке кездесу өткізеді

Путин мен Тоқаев Омбыда жеке кездесу өткізеді

|

|

Мәскеу. 25 шілде. ИНТЕРФАКС – Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні Омбыда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы XXII форумының пленарлық отырысы алдында жеке кездесу өткізеді. Бұл туралы Кремль хабарлады.

«Форумның пленарлық отырысы басталғанға дейін Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев жеке кездесу барысында Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылайды», – делінген хабарламада.

Кремльдің мәліметінше, форумның негізгі тақырыбы – «Жаһандық логистикалық экожүйені қалыптастыру: Қазақстан–Ресей ынтымақтастығының жаңа көкжиектері».

Шараға екі елдің вице-премьерлері, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, Ресей Федерациясы субъектілері мен Қазақстан облыстарының әкімдері, сондай-ақ парламенттер, бизнес және сарапшылық қауымдастық өкілдері қатысады.

Ал Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Омбыға Владимир Путиннің шақыруымен баратынын хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілдеде Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумына қатысу үшін Омбы қаласына жұмыс сапарымен барады. Іс-шара аясында мемлекеттер басшыларының кездесуі жоспарланған», – делінген хабарламада.

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы Омбы қаласында кеше басталды. Екі елдің өңіраралық форумдары 2003 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.