Париж. 26 шілде. ИНТЕРФАКС – Франция президенті Эмманюэль Макрон дүйсенбі күні таңертең елдегі, әсіресе Жиронда департаментіндегі орман өрттеріне байланысты ведомствоаралық дағдарыс штабының отырысын өткізеді. Бұл туралы Le Figaro басылымы Елисей сарайының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады. Жиын Министрлер кеңесінің отырысы қарсаңында Ішкі істер министрлігінде өтеді. Le Figaro басылымының жазуынша, Жирондадағы өрттің таралуын болжау мүмкін болмай отыр. Алдағы күндері аптап ыстықтың күшеюі жағдайды одан әрі ушықтыруы ықтимал. Өрт департамент орталығы Бордо қаласынан 15 шақырым жерде сөндіріліп жатыр. 22 шілдеде басталған өрттен бері 42 мың гектардан астам аумақ жанып кеткен. Жергілікті префектураның мәліметінше, тілсіз жау әлі де таралуда. Le Figaro бұл өрт ауқымы жағынан 1949 жылғы алапат өртпен теңесуі мүмкін екенін жазады. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция тарихындағы ең ірі әрі ең адам шығыны көп табиғи өрт ретінде белгілі. Сол кезде 50 мың гектар аумақ отқа оранған. Басылымның мәліметінше, Жирондада 220 мың адамды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілген. Бұл – Франция тарихындағы орман өрттеріне байланысты ұйымдастырылған ең ауқымды эвакуациялардың бірі.
Макрон Франциядағы орман өрттеріне байланысты дағдарыс штабының отырысын өткізеді
|
|
Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media
Бөлісу:




