Евразия24Таңдаулы жаңалықтарАҚШ Қазақстанға 12,5 пайыздық кедендік баж енгізді

АҚШ Қазақстанға 12,5 пайыздық кедендік баж енгізді

|

|

Tengrinews.kz былай деп хабарлады: «АҚШ бірқатар елдің тауарларына қосымша 12,5 пайыздық кедендік баж салығын енгізеді. Бұл шешім Вашингтонның мәжбүрлі еңбек қолданылып өндірілген өнімдердің импортына қатысты шектеулерге байланысты талаптарына негізделген. Тиісті меморандумға АҚШ президенті Дональд Трамп 23 шілдеде қол қойды. Жаңа сауда шаралары Қазақстанды қоса алғанда тағы 59 экономиканы қамтыды. Олардың қатарында Қытай, Ресей, Аустралия, Бразилия, Израиль, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері бар. Тізімдегі елдердің басым бөлігі үшін, соның ішінде Қазақстанға қатысты, қосымша 12,5 пайыздық баж салығы белгіленді. Бұл мөлшерлеме АҚШ-та осы тауарларға қолданылып жүрген импорттық баж салығына қосымша есептеледі. Жаңа талаптар 2026 жылы 24 шілдеден бастап АҚШ-та тұтыну үшін әкелінген немесе кеден қоймасынан шығарылған тауарларға қолданылады. (…) Меморандумда өнімнің кейбір санаттары қосымша алымдардан босатылатыны көрсетілген. (…) Қазақстанға қатысты қосымшада тізімдегі елдердің барлығына ортақ жеңілдіктер қарастырылған. Олардың қатарына гуманитарлық мақсаттағы жекелеген тауарлар, ақпараттық материалдар, кейбір энергетикалық және өнеркәсіптік өнімдер, сондай-ақ АҚШ-тың арнайы сауда режимдерінің талаптарына бұрыннан кіретін тауарлар енгізілген».

Еуразия24 пікірі:

Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік туралы сөз болғанда, еріксіз езу тартасың. Бір жағынан, миллиардтаған долларды құрайтын ұзақ мерзімді келісімдер бар. Соның бірі – 2025 жылдың қыркүйегінде қазақстандық тараптың америкалық Wabtec компаниясымен 300 жүк локомотивін шығару жөнінде 4,2 миллиард АҚШ долларына жасасқан келісімі. Сондай-ақ Қазақстан АҚШ компанияларына стратегиялық маңызы бар сирек металдар кен орындарын игеруге жол ашты. Екінші жағынан, Вашингтон Қазақстаннан жеткізілетін тауарларға 12,5 пайыз көлемінде қосымша кедендік баж енгізіп отыр. Қызық-ақ жағдай. Оның үстіне, бұл таза саяси санкция емес. Қарап тұрсаң, америкалық ұстанымдағы халықаралық сауданың қағидасы «достық – өз алдына, стратегиялық әріптестік – өз алдына, ал тариф бәрібір өз тәртібімен жүреді» дегенге саяды. Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі бұл шешімге қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін қолданылған 10 пайыздық уақытша импорттық үстеме 150 күндік мерзімі аяқталған соң күшін жойған. Сондықтан ол жаңа баж мөлшерлемесіне қосылып есептелмейді. Министрліктің алдын ала есебіне сәйкес, Қазақстанның АҚШ-қа экспорттайтын өнімдерінің шамамен 95 пайызы бұрынғыдай қосымша баж салығына ілікпейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.