Евразия24Не болдыПедагогтардың жеке деректері желіге тарап кетті

Педагогтардың жеке деректері желіге тарап кетті

|

|

Бұл жағдай салғырттық па, немқұрайлылық па, әлде жауапсыздық па – нақты айту қиын. Алайда Шығыс Қазақстан облысында мектептер мен балабақшалар мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруларды жариялау кезінде қызметкерлерінің жеке деректерін ашық қолжетімділікке шығарып жіберген. Нәтижесінде 600-ден астам педагогтың ЖСН-і, тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары интернетте жарияланған.

Жаппай деректердің таралуына Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының прокуратурасы тосқауыл қойды.

«ШҚО Ұлан ауданы прокуратурасы жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуына жүргізілген талдау барысында жергілікті білім беру ұйымдарының қызметінен заң бұзушылықтарды анықтады. Белгілі болғандай, міндетті медициналық тексеруден өткізу қызметтерін сатып алу туралы хабарландыруларды жариялау кезінде ауданның мектептері мен балабақшалары мемлекеттік сатып алу порталындағы құжаттарға өз қызметкерлерінің толық тізімін қоса тіркеген. Соның салдарынан шектеусіз адамдардың қолжетімділігінде қызметкерлердің толық сауалнамалық деректері (аты-жөні мен ЖСН-і), атқаратын лауазымы, тұрғылықты мекенжайы және жеке байланыс телефондары жарияланып, құпия ақпараттың таралуына тікелей қауіп төндірген», – деп Бас прокуратура хабарлады.

Қадағалау органының мәліметінше, жарияланған барлық ақпарат ашық қолжетімділіктен алынып тасталған. Ал кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Әзірге өзге мәлімет жарияланған жоқ. Алайда мемлекеттік сатып алумен айналысатын қарапайым қызметкерлер интернетке нақты қандай мәліметті жүктеп жатқанын ойламаған сияқты. Ендеше мынадай сұрақ туындайды: олар бұл тізімдерді ұйымнан тыс жерге флеш-жад арқылы да алып шықпайтынына кім кепіл? Өйткені мұндай деректер қазақстандықтар туралы ақпарат жинайтын алаяқтар үшін таптырмас олжа.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.