Евразия24ЖаңалықтарХуситтер Сауд Арабиясының мұнай инфрақұрылымына қайтадан соққы жасағанын мәлімдеді

Хуситтер Сауд Арабиясының мұнай инфрақұрылымына қайтадан соққы жасағанын мәлімдеді

|

|

Дубай. 27 шілде. ИНТЕРФАКС – Хуситтердің әскери қолбасшылығы Сауд Арабиясының мұнай инфрақұрылымындағы бірқатар нысанға соққы жасалғанын мәлімдеді.

«Бұл шабуылдар Сауд Арабиясының ұшқышсыз ұшу аппараттары Йеменнің әуе кеңістігін бұзғанына жауап ретінде жасалды», – деп жазды хуситтердің әскери өкілі Яхья Сари дүйсенбі күні X әлеуметтік желісінде.

Мәлімдемеде дрондардың Сауд Арабиясының шығысындағы мұнайды Қызыл теңіз жағалауындағы Янбу-әл-Бакр портына тасымалдайтын инфрақұрылым нысандарына соққы бергені айтылған.

Шілде айында Иран қолдайтын хуситтер мен Сауд Арабиясы бір-біріне қайтадан соққы жасай бастады. Хуситтер Сауд Арабиясының порттарына теңіз блокадасын жариялап, Қызыл теңізде екі саудиялық мұнай танкеріне шабуыл жасады. Кейін олар корольдік аумағындағы Saudi Aramco компаниясының екі нысанына да соққы бергенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Еуропалық ғарыш агенттігінің Sentinel-2 спутнигі түсірген суреттерде хуситтер бұған дейін шабуыл жасағанын мәлімдеген Жизан қаласындағы Saudi Aramco нысанында өрт шыққаны байқалады.

Спутниктік суреттерден мұнай резервуарларының бірінде және ілеспе мұнай газын мен улы буларды қауіпсіз жағуға арналған алау мұнарасында өрт болғанын көруге болады.

Алайда шабуылдың мұнай өңдеу зауытының жалпы жұмысына қаншалықты әсер еткені әзірге белгісіз. Сондай-ақ кешеннің оңтүстігіндегі мұнай резервуарларының зақымданғаны не зақымданбағаны анықталмаған, өйткені оларды қою түтін көлегейлеп тұр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.