Соңғы жылдары әлеуметтік желі қоғамға бұрын болмаған бір күш берді. Бұрын бір адамның әрекетіне наразылық білдіру үшін газетке жазу немесе митинг ұйымдастыру керек болса, бүгінде бірнеше сағаттың ішінде мыңдаған адам бір позицияға біріге алады. Біз адамдарды бойкоттаймыз, брендтерден бас тартамыз, жұмыстан шығаруды талап етеміз, кешірім сұрауын талап етеміз. Бірақ осы жерде бір үлкен сұрақ пайда болады: Кэнсел мәдениеті шынымен әділеттілік орнатудың құралына айналды ма? Әлде ол тек қоғамның күші жететін адамдарға ғана жұмыс істей ме? Бұл шығарылымда осы парадоксты талқылаймыз.
Спикер: Ботагөз Болатжан, «Русское радио» жүргізушісі




