Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда дарынды балаларды қолдауға арналған қосымша шаралар қабылданады

Қазақстанда дарынды балаларды қолдауға арналған қосымша шаралар қабылданады

|

|

Астана. 26 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балаларды ынталандыру тетіктерін кеңейтуді тапсырды.

«Осы оқу жылында дарынды балаларды ынталандыруға бағытталған қосымша шаралар қабылдауды тапсырдым. Енді ақшалай сыйақы олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға ғана емес, ғылыми жобалар байқауында жеңіске жеткендерге де беріледі», – деді Тоқаев сәрсенбі күні педагогтердің республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында.

Президент жаңа цифрлық дәуірде адами капитал ел дамуының басты қозғаушы күшіне айналып отырғанын атап өтті.

«Бұл – Қазақстанның мықты тұстарының бірі. Балаларымыз дарынды, әлемдік деңгейде жоғары бәсекеге қабілетті екенін көрсетіп жүр. Жуырда халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары Ақордаға келіп, лайықты марапаттарын алды», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, озық технологияларды жастардың зияткерлік әлеуетімен ұштастыру қазірдің өзінде экономикаға елеулі нәтиже беріп отыр.

«Жаңа стартаптар құрылып, құны миллиард доллардан асқан алғашқы технологиялық компаниялар пайда болды. Бұл тәжірибені кеңінен тарату үшін білім беру саласы негізгі орын алатын инновациялық орта қалыптастыру қажет», – деді президент.

Осыған байланысты Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында білім беру саласын басқарудың платформалық үлгісіне көшу басталды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Құрылтайының алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстанның рейтингі көтерілгенімен, экономикалық тәуекелдер сейілген жоқ

S&P Global Ratings рейтинг агенттігі Қазақстанның ұзақ және қысқа мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/A-3» деңгейінен «BBB/A-2» деңгейіне көтеріп, болжамды «тұрақты» деп белгіледі. Агенттік бұл шешімге ел экономикасының орнықтылығын, 2026 жылдың алғашқы жартысында жалпы ішкі өнімнің 4,1%-ға өсуін және бюджет тапшылығын қысқарту бағытындағы шараларды негіз еткен. Дегенмен агенттік Қазақстан экономикасына әсер етуі мүмкін бірқатар факторды да атап көрсетеді. Соның ішінде мұнай тасымалының басым бөлігі Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына тәуелді. Қазақстан мұнайының шамамен 80%-ы осы бағытпен экспортталады. Сондықтан құбыр жұмысындағы кез келген үзіліс сыртқы жеткізілім көлеміне тікелей әсер етуі ықтимал. Бұдан бөлек, мемлекеттің қарыз тарту құны өсіп, оны өтеуге жұмсалатын шығын да артып келеді. Қарызға қызмет көрсету шығыны бюджет кірісінің 10%-ынан асып, 2027 жылы 11,4%-ға жетуі мүмкін. Сондай-ақ құны 14–15 млрд доллар болатын атом электр станциясының құрылысы қандай қаражат есебінен қаржыландырылатыны әзірге нақтыланбаған. S&P есебінде 2028 жылға қарай ағымдағы шот тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 3,7%-ына дейін ұлғаюы мүмкін екені де көрсетілген.

Электросамокатпен жүру тәртібі өзгерді

«Бүгіннен, яғни 25 тамыздан бастап Қазақстанда электрлі самокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынды.Мұндай шешімнің қабылдануына не себеп? Бұл мәселені қоғам өкілдері көптен бері көтеріп келеді. Әсіресе балалар, қарттар мен бала арбасымен жүрген ата-аналар үшін тротуардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі жиі айтылып жүр.

Құрылыс – экономикалық өсімнің негізгі тірегі

«Үкіметтің жоспарын қарап шықтым. Экономикалық өсімнің негізгі тетігі ретінде құрылыс саласы таңдалған. 2027–2029 жылдары бұл сала жыл сайын 16–17%-дан астам өседі деп жоспарланып отыр.