Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҚазақстанда фастфуд жарнамасына тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда фастфуд жарнамасына тыйым салынуы мүмкін

|

|

Ақорда хабарлайды: «Президент Үкіметке фастфудтың шектен тыс жарнамалану мәселесін жан-жақты қарастыруды тапсырды. «Тағы бір назар аударатын мәселе – қоғамдық кеңістікті жайлаған фастфуд жарнамасы. Мұндай жарнама дұрыс тамақтанбау әдетінің қалыптасуына ықпал етіп, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін салмақты арттырады. Сондай-ақ елдің еңбек әлеуетіне кері әсер етеді. Қазір қант диабетімен ауыратын 7 мыңға жуық бала дәрігерлердің бақылауында. Өкінішке қарай, олардың саны азаймай, керісінше артып келеді. Әлемнің бірқатар елінде майы, қанты мен тұзы көп тағамдарды балалар мен жасөспірімдерге жарнамалауға шектеу қойылған немесе тыйым салынған. Бұл – біржақты шешім қабылдай салатын мәселе емес. Мұнда медицинаға қатысты пікірталас тудыратын тұстармен қатар, саяси жағынан да ескеруді қажет ететін жайттар бар. Соған қарамастан, Үкімет бұл мәселені мұқият зерделеп, ең алдымен балаларымыздың денсаулығын басшылыққа алуы керек», – деді Президент.

 

Еуразия24 пікірі:

Президенттің осы мәлімдемесінен кейін Құрылтайда фастфуд жарнамасына шектеу қоятын заң жобасы қаралуы мүмкін. Яғни алкоголь мен темекі өнімдерінің жарнамасына қойылған талаптар секілді, фастфудты жарнамалауға да белгілі бір шектеулер енгізілуі ықтимал.

Фастфудты, әсіресе балаларға бағытталған жарнаманы азайту мәселесіне назар аударылғаны орынды. Алайда мәселені тек жарнамаға тыйым салумен шешу қиын. Өйткені әңгіме әлдеқайда ауқымды – қазақстандықтардың тамақтану әдеті мен тағам таңдау мәдениеті туралы болып отыр. Қазір кең тараған фастфудтан бөлек, ұлттық ас мәзірінде де майлы әрі құнарлылығы жоғары тағамдар аз емес. Бауырсақ, бесбармақ пен қазыны айтсақ та жеткілікті.

Әрине, бұл ұлттық тағамнан бас тарту немесе балаларға сүйікті асын жеуге тыйым салу керек деген сөз емес. Біздіңше, мәселені жан-жақты шешкен жөн. Адамдар сатып алатын өнімінің құрамын анық білуі керек, ата-аналар мен балаларға дұрыс тамақтану туралы түсінікті ақпарат берілуі қажет. Мектептерде пайдалы тағам қолжетімді болып, балалардың дене белсенділігіне де көңіл бөлінгені дұрыс. Жарнама берушілердің жауапкершілігін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Әйтпесе балалардың көз алдынан жоғары калориялы тағамның бір түрін алып тастағанымызбен, дұрыс тамақтануға кедергі келтіретін басқа әдеттер сол күйі қала береді.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.