Евразия24ЖаңалықтарБАҚ: Венесуэлалық кәсіпкер АҚШ-қа мұнай танкерлерін ұстауға көмектескен

БАҚ: Венесуэлалық кәсіпкер АҚШ-қа мұнай танкерлерін ұстауға көмектескен

|

|

ВАШИНГТОН. 5 қыркүйек. ИНТЕРФАКС — Венесуэлалық кәсіпкер, North American Blue Energy Partners (NABEP) компаниясының басшысы Алехандро Бетанкур Николас Мадуро билігі кезінде АҚШ санкцияларын бұзып, Венесуэла мұнайын тасымалдаған танкерлерді анықтауға Вашингтонға көмектескен. Бұл туралы The Washington Post (WP) дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның жазуынша, Бетанкур АҚШ үшін маңызды ақпарат көзіне айналған. Кейбір шенеуніктер тіпті Мадуро қолға түскеннен кейін Венесуэладағы жағдайды бақылауда ұстауда оның көмегі үлкен рөл атқарды деп есептейді.

WP дереккөздерінің айтуынша, Бетанкур жуыр уақытқа дейін Венесуэладағы кең ауқымды ақпарат желісін пайдаланып, АҚШ санкциясына іліккен мұнайды жасырын тасымалдаған «көлеңкелі флот» кемелері туралы Вашингтонға мәлімет беріп отырған.

Дональд Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Ақ үй Бетанкурмен қарым-қатынас орнату мәселесінде ортақ пікірге келе алмаған. Себебі оның Венесуэлада ықпалы жоғары болғанымен, кәсіпкер ақшаны жылыстатты деген күдікке де іліккен. Бетанкурдың көмекшілері мен америкалық шенеуніктердің айтуынша, ол елде табысты бизнес жүргізе жүріп, Мадуроның саяси қарсыластарын жасырын қолдаған.

WP мәліметінше, 2025 жылы Мадуро қолға түсерден бірнеше ай бұрын Бетанкур Вашингтонмен тұрақты байланысын қайта жандандырған. Мадуроны Венесуэладан әкеткен операциядан кейін ол вице-президент Делси Родригесті АҚШ-пен ынтымақтасуға көндіріп, оның қауіпсіздігіне кепілдік берген.

Кейін Бетанкур Үкімет шешімдеріне, әсіресе мұнай саласындағы саясатқа ықпал ете бастаған. WP дереккөздерінің бірі оны «Венесуэланың іс жүзіндегі экономика министрі» деп сипаттаған.

Каракаста билік ауысқаннан кейін Трамп бастапқыда АҚШ-тың Petroleos de Venezuela S.A. (PDVSA) ұлттық мұнай компаниясының жұмысына тікелей араласу мүмкіндігін қарастырған. Алайда бұл ұсынысқа бірқатар шенеунік, соның ішінде Энергетика министрі Крис Райт қарсы шыққан. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәселені Бетанкур арқылы шешуді ұсынған.

Наурызда АҚШ-тың Латын Америкасы жөніндегі арнайы өкілі Маурисио Клавер-Кароне Бетанкурмен телефон арқылы сөйлесіп, оған АҚШ әкімшілігімен іскерлік әріптестік орнатуды ұсынған. Оның орнына кәсіпкерге Венесуэланың ауқымды мұнай қорына жол ашылып, халықаралық деңгейдегі ірі ойыншыға айналу мүмкіндігі берілмек болған. Бірақ бұл үшін ол компаниядағы дербестігі мен үлесінің бір бөлігінен бас тартуға тиіс еді.

Әңгімеден хабардар дереккөздің айтуынша, Бетанкур ұсынысқа: «Келістім», — деп жауап берген.

Сонымен бірге АҚШ билігі Швейцарияда Бетанкурға қатысты ақшаны жылыстату күдігімен жүргізілген тергеуге араласқан. Вашингтон оның Ұлыбританиядан экстрадициялануы туралы талаптың күшін жоюға қол жеткізіп, Швейцария билігінің кәсіпкерді ұстау жөніндегі ұсынысын да қолдамаған.

«Ол өзін іс жүзінде көрсете білген басшы. Мен оны мінсіз адам деп отырған жоқпын. Айтпағым — бұл адам бұған дейін АҚШ әкімшілігіне көмектескен», — деді аты-жөні аталмаған америкалық шенеунік журналистерге.

Бұған дейін Трамп Вашингтон мен Каракас тарихтағы ең ірі мұнай келісімін жасағанын мәлімдеген. Оның айтуынша, осы келісім арқылы АҚШ Венесуэладағы дәлелденген 65 млрд баррельден астам мұнай қорын бақылауға мүмкіндік алады.

Делси Родригес АҚШ-пен жасалған келісімнің 25 жылға есептелгенін айтқан.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тимур  Турлов  шахматты  Олимпиада  ойындарының  бағдарламасына  енгізуді  көздеп  отыр

Халықаралық  шахмат  федерациясының  (ФИДЕ)  президенті  Тимур  Турлов  Jibek  Joly  телеарнасындағы  «Бүгін  LIVE»  бағдарламасына  берген  сұхбатында  әлемдік  шахматты  дамытудың  негізгі  міндеттеріне  тоқталды. 

Соғыс  аймағында  қалған  қазақстандықтар  елге  аман  оралды

Оннан  астам  қазақстандықтың  соғыс  жүріп  жатқан  аймаққа  тап  болғаны  қазан  айының  басында  белгілі  болды.  Заңгер  Мейрман  Шекеев  олардың  отбасыларына  жақындарын  елге  қайтару  мәселесінде  көмек  көрсетті.

Дәрігерлердің көмегімен 679 грамм болып туған сәби аман қалды

Қазақстанда  шала  туған  нәрестелердің  өмірін  сақтап  қалу  бағытында  қол  жеткізілген  нәтижелер  айтарлықтай  жоғары.  Дегенмен  медициналық  зерттеулерде  жүктіліктің  өте  ерте  кезеңінде  дүниеге  келген  балалардың  дамуында  түрлі  ауытқулар  болуы  мүмкін  екені,  сондай-ақ  олардың  бір,  үш  және  бес  жасқа  дейінгі  өміршеңдігіне  қатысты  қауіп  сақталатыны көрсетілген.

Тоқаев Атом энергиясы агенттігінің төрағасымен АЭС құрылысы мен саланы дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдап, атом саласын дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.