Евразия24ЖаңалықтарЗАЭС маңында резервтік электр желісін жөндеу үшін уақытша бітім жарияланды

ЗАЭС маңында резервтік электр желісін жөндеу үшін уақытша бітім жарияланды

|

|

БРЮССЕЛЬ. 5 қыркүйек. ИНТЕРФАКС — Запорожье атом электр станциясы (ЗАЭС) маңында «Феросплавная-1» резервтік электр желісін қалпына келтіру үшін атысты уақытша тоқтату режимі күшіне енді. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) хабарлады.

«МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гросси сенбі күні агенттіктің арағайындығымен тағы бір жергілікті бітім күшіне енгенін мәлімдеді. Ол ұзақ уақыт бойы істен шыққан сыртқы электрмен жабдықтау желісін қалпына келтіру үшін қажет. 20 тамызда Днепр өзенінің солтүстігіндегі әскери қимылдар салдарынан АЭС жұмыс істеп тұрған жалғыз «Феросплавная-1» желісінен ажырады», — делінген МАГАТЭ-нің X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.

Агенттік сол уақыттан бері станция жүйелерін салқындату үшін авариялық дизель генераторлары пайдаланылып келе жатқанын еске салды. Алайда отын қоры азайып барады. МАГАТЭ мәліметінше, электр қуатының толық үзілуіне жол бермеу үшін станцияға қосымша отын жеткізу немесе электр желісін қалпына келтіру қажет.

Бұл — Гроссидің арағайындығымен жасалған жетінші жергілікті бітім. Оның айтуынша, ядролық қауіпсіздікке байланысты оқиғалардың алдын алу үшін екі тарап та МАГАТЭ-мен өзара іс-қимыл жасап отыр.

Запорожье АЭС — Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы. Онда ВВЭР-1000 үлгісіндегі алты энергоблок бар. Станция 2022 жылғы 11 қыркүйектен бері электр энергиясын өндірмейді. Қазір алты реактордың барлығы суық тоқтату режимінде.

Станция нысандары Ресейге тиесілі «Запорожская АЭС» федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының құрамына енгізілген. Оператор — «Росэнергоатом» АҚ құрған «Запорожье АЭС-ін пайдаланушы ұйым» АҚ. «Росэнергоатом» «Росатом» мемлекеттік корпорациясының құрамына кіреді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Шымкентте 46 мың оқушы жаңа оқулықпен қамтамасыз етілді

Шымкентте прокуратураның араласуынан кейін 46 мыңнан астам оқушы оқулықпен қамтамасыз етілді. «Тексеру барысында қаладағы мемлекеттік мектептерге 170 мыңнан астам оқулық жетіспейтіні анықталды.

Үкімет 2027 жылдан бастап әлеуметтік көмек берудің жаңа тәртібін бекітті

Қазақстан Үкіметі атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері мен оны тағайындау шарттарын, сондай-ақ азаматтың мұндай көмекке мұқтаж емес екенін анықтау өлшемшарттарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылы 19 қазанда қол қойды. Құжат Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес қабылданған және 2027 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Ларри Джонсон және Америка

«Купол юрты» арнасының платформасында АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы қызметкері Ларри Джонсонның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзі жарияланды. Оның бұл мінберден сөз сөйлеуінің өзі көп нәрсені аңғартады. Джонсонның өз айтуынша, ол кезінде КСРО-ға қарсы ақпараттық операцияларға тікелей қатысқан. Бұл салада мол тәжірибе жинақтап, ақпараттық соғыстың қалай жүргізілетінін жақсы меңгерген.

Қазақстанда тағы бір қылмыскерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді

Павлодар облысында кәмелетке толмаған апалы-сіңлілі екі қызды зорлап, оларға АИТВ жұқтырған ер адамға сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген ең ауыр жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.