Евразия24ЖаңалықтарВалюта нарығында доллар бағамы өзгеріссіз қалды

Валюта нарығында доллар бағамы өзгеріссіз қалды

|

|

МӘСКЕУ. 9 қыркүйек. ИНТЕРФАКС — Сәрсенбідегі саудада АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке қатысты бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ. Ал иенаға шаққанда доллар арзандап жатыр.

Доллардың алты негізгі валютаға — еуро, швейцар франкі, иена, канадалық доллар, фунт стерлинг және швед кронасына қатысты бағамын көрсететін ICE DXY индексі 0,06%-ға төмендеді. Ауқымы кеңірек WSJ Dollar Index 0,12%-ға түсті.

Нарық қатысушылары АҚШ-тағы тамыз айының тұтыну бағалары (CPI) мен өндірушілер бағалары (PPI) жөніндегі деректерді күтіп отыр. Бұл көрсеткіштер Федералдық резерв жүйесінің қыркүйектегі отырыста пайыздық мөлшерлемеге қатысты қандай шешім қабылдайтынына әсер етуі мүмкін.

Trading Economics келтірген сарапшылардың ортақ болжамы бойынша, тамызда жылдық инфляция шілдедегі 3,4% деңгейінде сақталады. Ал өндірушілер бағасының жылдық өсімі 4,7%-дан 5,3%-ға дейін жеделдеуі мүмкін.

АҚШ Еңбек министрлігі PPI жөніндегі деректерді бейсенбіде, CPI көрсеткішін жұмада жариялайды.

OCBC Group сарапшысы Кристофер Вонгтың айтуынша, маңызды статистика жарияланар алдында трейдерлер жаңа мәмілелер жасауға асықпай отыр. Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі де нарықтың назарын энергия бағасының өсуіне және оның инфляцияға ықпалына аударды.

Фьючерстік нарықтағы бағалауға қарағанда, Федералдық резерв жүйесінің 15–16 қыркүйектегі отырыста мөлшерлемені көтеру ықтималдығы 60%-дан асып отыр.

Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан инфляциялық қысым күшейген тұста Еуропалық орталық банк те осы аптада негізгі пайыздық мөлшерлемелерді көтереді деп күтілуде. ЕОБ-ның қыркүйектегі отырысының қорытындысы бейсенбіде белгілі болады.

Мәскеу уақытымен 8:50-де еуроның долларға шаққандағы бағамы $1,1634 болды. Ал алдыңғы сауда сессиясының соңында $1,1626 болған еді. Фунт стерлинг $1,3549 деңгейінде саудаланып жатыр. Сейсенбідегі сауда қорытындысында оның бағамы $1,3540 болған.

Осы уақытта бір доллар 153,39 иена болды. Алдыңғы сессияның соңында бұл көрсеткіш 154 иенаны құраған.

Жапония банкі негізгі мөлшерлемені бұдан әрі де көтереді деген болжамның күшеюі иенаның нығаюына ықпал етіп отыр. Жапония премьер-министрі Санаэ Такаитидің экономикалық кеңесшісі Такудзи Аида бұған дейін орталық банк мөлшерлемені қыркүйекте көтеріп, 2027 жылғы қаңтарға дейін тағы бір рет арттырады деп күтетінін айтқан.

«Соңғы бір айда Жапония банкінің қыркүйекте мөлшерлемені көтеру ықтималдығы 65%-дан 98%-ға дейін өсті. Нарық желтоқсанда мөлшерлеме тағы бір рет көтеріледі деген болжамды да іс жүзінде толық ескеріп отыр», — деді LPL Financial сарапшысы Адам Тернквист.

Мәскеу уақытымен 8:50-де доллардың офшорлық юаньға шаққандағы бағамы 6,7053 юань болды. Бір күн бұрын ол 6,7069 юань деңгейінде еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.