МӘСКЕУ. 9 қыркүйек. ИНТЕРФАКС — Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор нарықтарында сәрсенбідегі сауда әркелкі аяқталды.
Жапонияның Nikkei 225 индексі 0,2%-ға төмендеді.
Нарыққа бір жағынан жасанды интеллект саласына қатысты оң көңіл күй қайта оралса, екінші жағынан Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы алаңдатып отыр, дейді сарапшылар. Иенаның нығаюы да жапон нарығына кері әсер етті. Жапония банкі пайыздық мөлшерлемені бұрынғыдан жылдамырақ көтеруі мүмкін деген болжам аясында иена бағамы жеті айдағы ең жоғары деңгейге жақын тұр.
Кабель өнімдерін шығаратын Fujikura акциялары 8,1%-ға қымбаттады. Бұған америкалық Verizon компаниясының Corning-мен жасанды интеллект инфрақұрылымына арналған жоғары тығыздықтағы оптикалық талшық жеткізу жөнінде бірнеше миллиард долларлық келісім жасағаны туралы жаңалық әсер етті.
Furukawa Electric акциялары 12,6%-ға, Tokai Carbon — 9,3%-ға, Idemitsu Kosan — 7,6%-ға, Sumitomo Metal Mining — 6,2%-ға, Sumitomo Electric Industries — 5,7%-ға өсті.
Toyota акциялары 0,1%-ға, Nissan — 1,6%-ға, Honda — 0,6%-ға қымбаттады.
Ал Kyowa Kirin акциялары 5,9%-ға, Sumitomo Pharma — 4,3%-ға, Nintendo — 4%-ға, Nikon — 4,2%-ға арзандады. Mitsubishi UFJ Financial Group пен Sumitomo Mitsui Financial Group банктерінің акциялары тиісінше 1,5% және 1,8%-ға төмендеді.
Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,3%-ға өсті. Гонконгтың Hang Seng индексі 0,2%-ға төмендеп, үшінші күн қатарынан құлдыраумен жабылды.
Гонконг биржасында Haidilao International акциялары 9,1%-ға арзандап, ең көп төмендеген бағалы қағаздардың көшін бастады. Бұған Қытайдағы ірі мейрамханалар желісінің негізін қалаған отбасының 259 млн акцияны сатқандығы туралы хабар себеп болды. Бұл еркін айналымдағы акциялардың 12,2%-ына тең. Мәміле сейсенбідегі жабылу бағасынан шамамен 6% төмен бағамен жасалған.
Спорт тауарларын өндіретін Li Ning акциялары 6%-ға, Anta Sports Products — 3,2%-ға, ет өнімдерін шығаратын WH Group — 4,4%-ға арзандады. Li Auto автокөлік компаниясы мен Meituan интернет-компаниясының акциялары 3,5%-ға төмендеді.
Ал дизель қозғалтқыштарын шығаратын Weichai Power акциялары 6,5%-ға, Lenovo — 6,8%-ға өсті. Hongqiao акциялары 4%-ға, Aluminum Corp. of China — 2,2%-ға, Baidu Inc. — 3%-ға, Sunny Optical Technology Group — 3,4%-ға қымбаттады.
Қытайдың статистика ведомствосының дерегінше, тамызда тұтыну бағалары былтырғы осы аймен салыстырғанда 0,8%-ға өсті. Шілдеде инфляция 0,5% болған. Тамыздағы көрсеткіш Trading Economics келтірген сарапшылар болжамымен сәйкес келді.
Өндірушілер бағасы жылдық есеппен 3,8%-ға өсті. Шілдеде өсім 3,5% болған еді. Сарапшылар 3,7% болады деп болжаған.
Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 1,4%-ға көтерілді.
SK Hynix акциялары 3,5%-ға, Hyundai Motor — 0,8%-ға, LG Energy Solution — 6,5%-ға, Korea Zinc — 1,2%-ға, Posco — 2,6%-ға қымбаттады. Samsung Electronics акцияларының бағасы өзгерген жоқ.
Австралияның S&P/ASX 200 индексі 0,1%-ға төмендеді.
Әлемдегі ірі тау-кен компанияларының қатарындағы BHP акциялары 3,3%-ға, Rio Tinto — 1,9%-ға өсті. Woodside Energy мен Santos мұнай компанияларының акциялары тиісінше 2,6% және 1,3%-ға қымбаттады.




