Евразия24ЖаңалықтарЕуропа орталық банкі негізгі пайыздық мөлшерлемелерді 25 базистік тармаққа көтерді

Еуропа орталық банкі негізгі пайыздық мөлшерлемелерді 25 базистік тармаққа көтерді

|

|

МӘСКЕУ. 10 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Еуропа орталық банкі (ЕОБ) бейсенбі күні аяқталған отырысының қорытындысында үш негізгі пайыздық мөлшерлемені де 25 базистік тармаққа көтерді.

Реттеушінің мәліметінше, депозиттік мөлшерлеме жылдық 2,5%-ға, негізгі қайта қаржыландыру операциялары бойынша мөлшерлеме 2,65%-ға, маржиналдық кредиттер бойынша мөлшерлеме 2,9%-ға дейін өсті.

Бұл шешім сарапшылар мен нарық қатысушыларының болжамына сай келді.

ЕОБ биыл пайыздық мөлшерлемені екінші рет көтеріп отыр. Бұған дейін маусымда мөлшерлеме 2023 жылғы қыркүйектен бері алғаш рет артқан еді.

«Таяу Шығыстағы қақтығыс инфляцияны күшейтіп отыр. Инфляция ұзақ уақыт бойы белгіленген 2 пайыздық межеден жоғары болуы ықтимал», – делінген ЕОБ мәлімдемесінде.

Реттеуші еуроаймақта инфляцияның одан әрі үдеу және экономикалық өсімнің баяулау қаупі сақталып отырғанын атап өтті.

«ЕОБ сарапшылары әзірлеген жаңартылған сценарийлер энергетикалық дағдарыстың ауқымы мен ұзақтығына, сондай-ақ оның жанама әсеріне қарай жалпы ішкі өнім мен инфляция көрсеткіштері әртүрлі бағытта өзгеруі мүмкін екенін көрсетеді», – делінген хабарламада.

ЕОБ қабылданған шешім қазіргі белгісіздік жағдайында ақша-кредит саясатын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді деп есептейді. Банк басшылығы алдағы уақытта да әр отырыста экономикалық деректерді ескере отырып, жеке шешім қабылдайды.

ЕОБ-тың PEPP және APP бағдарламалары аясында сатып алған бағалы қағаздар портфелі біртіндеп қысқарып келеді. Бұған реттеушінің осы активтерден түсетін қаражатты қайта инвестициялауды тоқтатуы себеп.

Басқарушылар кеңесі орта мерзімді кезеңде инфляцияны 2% деңгейінде тұрақтандыру үшін қолда бар құралдарды қажетіне қарай өзгертуге дайын екенін мәлімдеді.

ЕОБ отырысының қорытындысы жарияланғаннан кейін еуро долларға шаққанда арзандап, Еуропаның қор индекстері төмендеді.

Бейсенбі күні Мәскеу уақытымен 15:35-те еуро долларға шаққанда 0,3%-ға арзандап, $1,1600 болды. Еуропаның ірі компанияларын қамтитын Stoxx Europe 600 индексі 0,5%-ға төмендеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.